{metadescription}
0:000:00
Түркияда ұшақ апатынан 7 адам қаза тапты

Түркияда ұшақ апатынан 7 адам қаза тапты

Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 7 адам опат болды. Тағы 8-і жарақаттанған. «Sikorsky S-70» әуе кемесі елдің солтүстігіндегі Қара теңізге жақын ауданда радардан жоғалып кеткен екен.

Жарақат алғандардың барлығы Гиресун елді-мекеніне жеткізілді. Тікұшақтың құлауына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Түркия премьер-министрінің айтуынша, бұл қолайсыз ауа-райына байланысты болуы мүмкін. Өйткені, соңғы жазбаларда ұшқыштар қарға адым жер көрінбейтіндігін айтқан екен. Бірінші кезекте құтқару жұмыстары аяқталып, содан кейін тергеу басталмақ. Мәліметтерге қарағанда, тікұшақ бортында лауызымды қызметтегі генерал мен 3 бала болыпты. Айт мерекесіне орай, өз туыстарын көруге барған көрінеді. Тек қайтар жолда «Sikorsky S-70» апатқа ұшыраған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде