{metadescription}
0:000:00
Оралда тапшылықтан қанттың бағасы аспандап жұрттың ашуын тудырды

Оралда тапшылықтан қанттың бағасы аспандап жұрттың ашуын тудырды

Оралдықтар қантты енді тек түсінде ғана көретін болған. Өйткені бір жетіден бері өңірдегі сауда орындары мен дүкен сөрелерінде шекер атымен жоқ. Тәтті өнім кей жерлерде болғанымен бағасы аспандап кеткен. Ең қажет маусымда құмшекердің қол жетімсіз болуы жұртты ашындырып отыр.

Оралдықтар бір аптадан бері бабын келтіріп шәй іше алмай жүр. Себебі өңірдегі дүкен сөрелерінде шекер тапшы.

Светлана Лебедева, дүкен әкімшісі:

-Қант қолда жоқ. Қымбаттауына байланысты тасымалдаушылар фирмаларда да жоқ дейді. 

Көтерме сауда орындары да жұтап отыр. Жуық арада болған күннің өзінде, бағасы аспандап кетері айтпаса да түсінікті. Кейбір базарлар мен ірі сауда орындарында қант болғанымен, көп алуға шектеу қойылыпты. 

Мерген Жұмалиев, сатушы:

-Бес келі ары кетсе он келі ғана шекер беріледі. Айтуларынша қоймада қант жоқ. Бұның соңы қымбатшылыққа әкеп соғуы мүмкін. Әлбетте оған халық наразы.    

Тәтті өнім ең қажет кезде көзден бұлбұл ұшты. Қазір елдің жеміс-жидекті жиып, қысқа қамданатын шағы. Сондықтан бұқара шекердің бағасы қанша аспандаса да оны алауға даяр. Алайда, жұрт қант таппай тентіреп жүр. 

Надежда Станскова, Орал қаласының тұрғыны:

-Қайбір жылдары осындай болған. Бұл енді шектен шыққандық. Қазір өнім жинап, қысқа әзірленетін кез. Дәл осы кезде қасарысқандай қант жоғалып кетеді. Қымбат бағаға та таба алмадым.

Оралда жылда жаз маусымында шекер тапшылығы сезіліп, артынша оның бағасының өсуі әдетке айналған дейді тұрғындар. Осыған дейін бір келі қант 235 теңге болса, қазір 300 теңгеге бір-ақ көтеріліпті. Шенеуніктер осы қымбатшылықтың себебін ертең түсіндіреді деген ойдамыз, ал бүгін ақ жағалылар Астана күнін тойлауда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде