ОҚО-да тасыған өзен бір табын жылқыны ағызып кетті
Табиғаттың тосын мінезінен төрт түлік мал қырылып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысында нөсерлі жауыннан өзен суы арнасынан асып, бір табын жылқыны ағызып кетті. Оқыс оқиға Әл-Фараби ауданындағы Текесу ауылында болған. Қазір құтқарушылар арам қатқан жылқылар жағалауға шығарылып, жалпы шығын көлемі есептеуде.
Автор: Диас Нұрақын
06.07.2016
Шелектеп құйған жауын оңтүстіктің тұрғындарын шаш етектен шығынға батырды. Кеше күндіз басталған нөсер жауынның арты бұршаққа ұласып, Текесу ауылының маңындағы өзен суы арнасынан асып кеткен. Соның салдарынан жайылымда жүрген бір үйір жылқы мен ірі қара суға кетті. Яғни найзағайдың жарқылынан шошыған жануарлар жан-жаққа бытырай қашып, су қоймасына құлап кеткен.
Бақыт Асамбаев, жылқышы:
-Інім екеуміз едік қайтара алмадық. Бұршақтан жел қатты болып кетті. 10-15 минутта дала қап қара болып кетті ғой. Ие бола алмадық.
Қазір құтқарушылар арам қатқан өлекселерді судан шығарып жатыр. Табиғаттың тосын мінезінен барлығы 17 бас жылқы, екі сыйыр мен ұсақ мал қырылған. Енді оның өтемақысын кімнің төлейтіні белгісіз. Тіпті ауыл тұрғындарымен кездескен атқамінерлер де әзірге мардымды жауап бере алмай отыр.
Бауыржан Қалжан, Әл-Фараби ауданының әкімі:
-Төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылады. Олар апаттың нақты себебін анықатуы тиіс. Тек содан кейін ғана өтемақы төлеу мәселесін қарастырамыз.
Аяқ астынан басталған жауын ауылдың да астаң кестеңін шығарған. Яғни дүлей дауыл мен бұршақтан ағаштар құлап, газ құбырлары бүлінді. Сондықтан аудан басшылары қазір шығын көлемін есептеп, арам қатқан ірі-қараның өлекселерін жоюмен айналысып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!