Астананың өткені мен бүгіні
18 жыл бұрын қу тақыр жерден тұтас шаһардың тұрғызылатынына ешкім сенбеп еді. Бірақ арада ондаған жылдар өткенде, Елорданы арқа төсіне көшіру тұтас мемлекеттің дамуы үшін ғана емес, геосаяси тұрғыда дұрыс қабылданған шешім болғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Десек те, сәулеті таңдай қақтырған қаланың астана мәртебесін иеленуі оңайға соққан жоқ.
Автор: Ербол Сейілхан
06.07.2016
Астананы ауыстыруды президент тәуелсіздік алған бойда ойластырған екен. Бірақ, экономика тұралап, зауыт-фабрикалар жабылып, жұмыссыздық жайлаған тұста тың бастамасы қоғамда үлкен қарсылыққа тап болды. Жаппай наразылыққа қарамастан алған бетінен қайтпаған мемлекет басшысы бас қаланы Алматыдан Астанаға көшіру туралы заңды 1994 жылдың 6-шы шілдесінде Жоғарғы кеңеске әкелген болатын. Бұл бірнеше сағатқа созылған дауға айналып, 6-шы шілде Назарбаевтың туған күнін ескерген депутаттар соңында құжатты бекітіп берген. Сөйтіп, 1997 жылы астананы көшіру туралы нақты шешім қабылданып, бір жылдан соң Ақмола атауы Астанаға ауыстырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Бас қаламыз аймақтық тіпті дүниежүзінің ірі орталықтарының біріне айналды. Бүгінгі Елордамыз жаңғырған жаңарған Қазақстанның символы. Сол себепті Астана күні бүкілхалықтық мереке боп саналады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!