{metadescription}
0:000:00
Алматыда  атышулы  «Барахолканың» саудагерлері  спид пен  туберкулезге қарсы тексеріліп жатыр

Алматыда атышулы «Барахолканың» саудагерлері спид пен туберкулезге қарсы тексеріліп жатыр

Барахолкадағы сатушылар жаппай медициналық тексерістен өткізіліп жатыр. Дәрігерлер дәл базар ішінде кәсіпкерлерді ВИЧ, туберкулез секілді жұқпалы ауруларға тексеруде. Тіпті алыс-жақын шетелден келген еңбек мигранттары да қаралып жатыр. Алғашы екі күннің өзінде ақ халаттылар 250-ге тарта азаматты қабылдап, ауру белгілері байқалған 12-ін тіркеуге алған.

Тегін медициналық тексерістен өтіп, сырқатын анықтау үшін саудагерлер сағаттап кезек-күтуге дайын. Себебі күн көріс қамымен күндіз түні базар жағалағандарға ақ халаттылар арнайы келіп отыр. Яғни мұнда саудагерлер ВИЧ, өкпе аурулары мен қатерлі ісікке тексеріліп, тиісті кеңестер алуда. Тіпті ешқайда бармай-ақ базар ішінде рентгенге түсіп, қан тапсыруға болады. Сондықтан мұндай мүмкіндікті өмірі дәрігердің алдына барып көрмегендер де мүлт жібермеуге тырысып жатыр.

Лаура Тәшкенбаева, саудагер:

- Ешқашанда тексерілген емеспін.  Басымыз ауырады әрине. Қан қысымы бар.  Қан қысымын өлшеп, бойымызды өлшеп жатыр. Дәрігерлер нәтижесін бірден айтып жатыр. 

Екі күн ішінде базардағы 225 адам арнайы тексеруден өткізілді. Бірақ ешқайсысынан қатерлі ісік немесе өзге де жұқпалы ауру белгілері байқалмаған. Есесіне әйелдер арасында сүт безінің қабыну дерті өршіп тұр. Қазірдің өзінде осындай 12 науқас анықталып, олар арнайы тіркеуге алынды.

Жадыра Агишанова, Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Маммолог мамандарымен 12 әйелдің арасында фиброз қышқылды  мостопатия анықталды. Қорытындылары бойынша микрорэакция және ВИЧ, СПИД-пен ешқандай оң нәтиже болған емес. Бәрі жақсы. Флюрографиялық тексерістің нәтижесі екі күннен кейін белгілі болады.

Бұл шара барысында азаматтардан қандай да бір қауіпті дерт белгілері байқалса бірден есепке алынып, базар басшыларына хабар беріледі екен. Тіпті ақ халаттылар шетелдіктерді де шетінен қабылдап жатыр. Яғни көршілес Өзбекстан, Қырғызстаннан келетін еңбек мигранттары да туберкулезге тексерілуде.     

-Бұл медициналық орталық бұл күнмен шектелмейді. Дәрігерлер алдағы аптада қаладағы ең ірі деген алты сауда орталығын аралап сондағы саудагерлердің денсаулық жағдайын тексеріп бермекші. Себебі аптасына алты күн базар жағалап, сауданың соңына түскен азаматтар көп жағдайда дәрігерге қаралуға уақыт таппайды екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде