{metadescription}
Шымкенттік кәсіпкер ауылдастарын солтүстікке   көшіріп жатыр
Шымкенттік кәсіпкер ауылдастарын солтүстікке   көшіріп жатыр

Шымкенттік кәсіпкер ауылдастарын солтүстікке көшіріп жатыр

Екі жаққа да тиімді көш. Шымкенттіктер Солтүстік Қазақстанның ең шалғай ауданына қоныс теуіп жатыр. Ол жақтан жер алған күнгейлік кәсіпкер жұмыс орнын ашып, екі қолға бір күрек таппай жүрген ауылдастарын да көшіріп әкелмекші.  

Жүктерін көліктен түсіріп жатқан мына жұрт Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданынан теріскейдің Телжан деп аталатын ауылына көшіп келіп жатыр. 18 отбасы осында, тағы жетеуі көрші ауылға тұрақтапты.      

Мұрат Сейдуәлі, зейнеткер:

-Оңтүстікке қарағанда жер деген бос  жатыр. Мал ұстауға да, жер баптауға да,  сол үшін осы жерден 3-4 мың гектар жер алып, ұжым құрып, келешекте осы жерді көркейтуге атсаласуымыз керек.

Оңтүсіктің жұртын теріскейге тасып жүрген мына кәсіпкер. Бәріне құны 300-500 мың тұратын баспана сатып әперіп, жол шығынан да өзі көтерген. Мұнысы бекер емес. Енді серіктестік ашып, егін салып, мал өсіруге ауылдастарын тартпақшы. Әрі жол картасы бағдарламасы аясында көшіп келгендер бір реттік қомақты жәрдемақы алады. 

Жаңабай Ағабеков, кәсіпкер 

-Бұлар еңбекқор. Солтүстік Қазақстанға жылыжай салып, картоп, сәбіз,  өсімдіктерін өсіріп, мал шаруашылығымен айналысамыз деп отыр. Бұлар еңбекқорлығының арқасында үлкен жетіктікке жетеді деп ойлап отырмын.

Ал жергілікті атқамінерлер үшін бұл көш бір оқпен екі қоянды атып алғанмен тең. Бір жағынан үкіметтің бағдарламасы орындалып, екіншіден   демография мәселесі де шешілмек. Бала санының аздығынан жабылғалы тұрған мектептер де жұмыстарын енді жалғастырады.

Аман Төрегелдин, Уәлиханов ауданының әкімі:  

-Қазіргі уақытта конкурс жүріп жатыр жерге. Бос жерлер ауданымызда бар. 600 мыңдай жайылым жеріміз бар. 10 мың гектар егін егетін жер бар. Сол жігіттер егін егіп, мал шаруашылығымен айналысамыз деп келіп жатыр.

Оңтүстіктің жұрты еліміз бойынша жалақысы ең төмен және алты ай қар жататын аймаққа сіңіп кететіндеріне сенімді. Биыл қызылжар өңіріне 100 отбасы келеді деп күтіліп отыр. Оның 79 теріскейде қыстап та үлгеріпті.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде