{metadescription}
0:000:00
Қазақстанда сатылып жатқан алтындар заңсыз жолмен жеткізілген

Қазақстанда сатылып жатқан алтындар заңсыз жолмен жеткізілген

Жылтырағанның бәрі алтын емес! Елімізде зергерлік бұйымдарды контрабандалық жолмен тасымалдау деректері жиілеген. Заңсыз әкелініп, арзанға сатылатын әшекейлердің бағалы металл мен таза тастан жасалғаны аз. Зергерлер бұны бірінші кезекте салықтың тым қымбаттығымен байланыстырады. Яғни, саудагерлер қалта көтермейтін кедендік алым-салықтан қашып, тауарды заңсыз жолмен тасымалдайды. Ал, мұның зардабын зергерлер тартуда.

Елімізде сатылып жатқан көздің жауын алатын әшекейлердің басым бөлігі жылдар бойы заңсыз жолмен тасымалданып келеді. Ресми мәлімет бойынша, Алматының өзінде сатылымдағы тауардың 70 пайызы контрабандалық жолмен әкелінеді екен. Саудагерлер құны тым қымбат кедендік салық пен төлемдерден қашады.

Қайсар Жұмағалиев, Қазақстан зергерлер бірлестігінің төрағасы:

-Зергерлік бұйымдар үшін бекітілген алым-салық көлемі тым жоғары. Саудагерлер тауардың жарты бағасын мемлекетке төлейді. Сондықтан,әшекейлерді заңды жолмен әкелу тиімсіз.

Сәйкесінше, мұндай тауардың бағасы әлдеқайда қымбат болады. Ал, жұрт құны бірнеше есеге арзан қара базардағы әшекейге әуес. Сондықтан, қазынаға қыруар салық төлеген зергерлер қазір шығынға батып жатыр екен.

Светлана Чусовитина, зергерлік шеберхананың иесі: 

- Мына таза гауһармен көмкерілген 585-інші сынамадағы алтын сақина бұрын 900 мың теңге еді. Ал, қазір бағаны 450 мыңға түсірдік. Яғни, тауарды өз бағасына сатуға мәжбүрміз. Таза өнімнен жасалған әшекейдің бағасы базардағыдай арзан болуы мүмкін емес.

Контрабандалық әшекейлердің сапасына да ешкім жауап бермейді. Тіпті, жылтырағанның бәрі алтын болмай шыққан жағдайлар талай рет кездескен. Жалпы жыл басынан бері алматылық салықшылар жасырын түрде ірі көлемдегі алтын тасымалдаған 3 жағдайды ғана тіркепті.

-Елімізде «бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң бар. Бірақ, бұл құжат та заң бұзушы кәсіпкерлермен күресуге қауқарсыз болып отыр. Сондықтан, оған біраз өзгеріс енгізу керек дейді зергерлік бірлестіктегілер. Ал, жағдай осылай жалғасатын болса, зергерлік дүкендердің біразы шығынға батып, жабылып қалатын түрі бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде