{metadescription}
Алматының таулы аймақтарында  лай көшкіні жүруі мүмкін
Алматының таулы аймақтарында  лай көшкіні жүруі мүмкін

Алматының таулы аймақтарында лай көшкіні жүруі мүмкін

Алматының таулы аймақтарында қайтадан лай көшкіні жүру қаупі артты. «Қазселденқорғау» мекемесінің айтуынша, күнара жауып жатқан жаңбырдан кейін топырақтың ылғалдылығы артқан. Сондықтан тұрғындарға абай болған жөн.

Алматының батысында орналасқан таулы аймақтарда қазір шұғыл түрде алдын-алу шараларын қолдану керек. Ал қауіпті деп танылған аймақта 3 үй бар. Сонымен қатар осыдан 3 күн бұрын жүрген көшкінді зерттеген мамандар алдағы уақытта осы аймақта апаттың қайталануы мүмкін екендігін айтып отыр. Осыған дейін Мохнатка тауының төменгі бөктерінде 25 мың текше метр лай көшкін жүрген болатын. Төтенше жағдайлар қызметі жерлігікті әкімдікке нұсқаулықтар бергенімен, шенеуніктер еш әрекет жасамапты.

Андрей Нагин, Алматы қаласының тұрғыны:

- Әкімдіктегілер осында келіп, көшкіннің келтірген залалын көрді. Бірақ оған дейін тұрғындар өз күшімен жолды қалпына келтіріп, бетондау жұмыстарын жүргізген. Жергілікті биліктен ешбір көмек болмады. Топырақты нығайтпаған жағдайда үйіміз лай көшкіннің астында қалады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде