Мысырдан әкелінген жануарлар Алматы көшелерін аралады
Бүгін қалада бұрын-соңды болмаған цирк кавалькадасы ұйымдастырылды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
11.07.2016
Шеруге мысырлық арыстан, пони, цирк аттары мен сайқымазақтар қатысты. Адамдар арасында жүріп үйреніп қалған хайуандар жолдағы қаптаған көлік пен тұрғындардан еш жасқанған жоқ. Керісінше, әртістік өнерге әбден бейімделгендері байқалады. Ал, әдетте қыруар ақшаға билет алып барып көретін цирк қойылымын көшеден тамашалаған халық-- таңданыстарын жасырмады. Айта кетсек, ерекше шара әлі 3 күнге жалғасатын болады. Және әр күн сайын көшедегі бағыттарын да өзгеріп отырмақ.
Бақыт Бөкебаев, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры:
- Фаэтон арбасында ат пен понилар, және мынау көлік үстінде тұрған арыстанды көріп тұрсыздар, жанында күтушісімен, баптаушысымен. Бұл кісілердің бәрі Египеттен келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары