{metadescription}
0:000:00
Алматыда тұрғындар ойын алаңын аукционға салып жіберген шенеуніктерді жағадан алды

Алматыда тұрғындар ойын алаңын аукционға салып жіберген шенеуніктерді жағадан алды

Ойын алаңын аукционға салып жіберген! Бүгін бір топ алматылық үйлерінің алдындағы тулақтай жерді сатып жіберген шенеуніктерді жағадан алды. Бала-шаға ойнап жүрген жердің жекеге өткенін жұрт монша салына бастағанда бір-ақ білген. Енді, тұрғындар не істерге білмей, құрылысты бастауға келген кәсіпкермен де, оның сөзін сөйлеп жүрген әкімдермен де күнде айқайласады.           

-Біздің жер! Біздің жер! Бізге сауна керек емес...

Сақал-шашы ағарғанда бұл ақсақал сауна, дүкенмен күресуге мәжбүр. Өйткені, оның немерелері ойнайтын алаң, әне-міне біреудің меншігіне айналмақ. Құрылысқа жұрттың өзі рұқсатын беріп қойған екен. Өйткені, шенеуніктердің «балабақша саламыз» дегеніне баладай сеніп қалған.    

Қыдырәлі Дәулетбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- КСК «Жұлдыздан» қол жинатқан  балабақша болады деп. Құжатын қарасақ, алдап түсіргенбізді.  

Алданған ақсақалдар балабақшадан басқа алабөтен құрылысқа үзілді-кесілді қарсы. Бірақ, оларды тыңдайтын ешкім болмай тұр. Өйткені, көпқабатты үйдің ауласы әлдеқашан интернет-аукционнан сатылып кеткен. Айқай-шуды естіп келген аудан әкімінің орынбасары да жұртқа тұщымды жауап айта алмады.

Архат Омаров, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары:

-Бұл жер енді Үкіметтің қаулысымен сатылған ғой! Оған біз араласпаймыз. Бізде қарсымыз негізі.

 «Аукционға қатысымыз жоқ» деп алғашқыда ант-су ішкен әкімдіктегілер біраздан соң мүлдем өзгеріп шыға келді. Қайта тұрғындардың өздерін алаңды сатып алған кәсіпкерді қолдауға үгіттеді.  

Архат Омаров, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары:

-Тұрғындар енді түсіну керек қой! 80 квадрат жер ғана сатылған.Мемлекеттік  актісі бар. Ол да адал азамат! Оны да түсіну керек. Ол жеке кәсіпкер! Көмектесіңдер деп жатыр ғой.

Балалар алаңынан бизнес ашпақ болғандар тіпті сатылған жердің көлемін де айтып берді. Сөйтсе, интернет саудаға ауладағы волейбол, баскетбол алаңдарына дейін өтіп кетіпті. Шенеуніктер бұл ісінен еш әбестік көріп тұрған жоқ. Керісінше, тұрғындарға тиімді дейді. Табалдығынан аттам жерде тазаланып, әрі дүкен аралайды. Тек енді оларға ешкімнің сенгісі жоқ.

Әсия Анарбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- 1-қабатты дүкен деп  магазин саласыздар да артынша ол жоспарды өзгертіп жібересіздер.  Бұл жерге 9-қабатты  үй салуға болады! Барсын, қаланың шет жағына салсын!Жер көп!

Бір қызығы, қаланың қақ ортасындағы балалар алаңы көк тиынға саудалаған. Баскетбол, әрі футбол алаңы сыйған жерді атқамінерлер бар-жоғы 1 жарым миллион теңгеге бағалапты. Ал Алматыда қазір мұндай аудандағы 15 сотық жердің бағасы 50 миллионнан кем емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде