Ақтөбенің миллиардер депутаты ұзақ мерзімге түрмеге жабылуы мүмкін
Ақтөбенің атақты байы 10 жылын қатаң тәртіптегі колонияда өткізуі мүмкін! Мемлекеттік айыптаушылар бүгін Мейіржан Өндіргеновке осындай жаза кесуді сұрады. Атышулы кәсіпкер қазынаның қыруар қаржысын, нақты айтқанда, 4 жарым миллиард теңгесін қалтасына басты деп айыпталып жатқанын айта кетейік.
Автор: Жаңалық Ахаш
13.07.2016
Бір жылдан бері тергеу абақтысында отырған Өндіргеновтің өзге де қылмыстары жетерлік. Мысалы, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басқаның бизнесін тартып алу үшін бопслауға да барған. Бұдан өзге ол бірнеше жыл бойы өзі басшылық еткен «Автопарк» серіктестігі арқылы зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды ақысыз тасымалдау үшін заңсыз субсидия да алыпты. Айта кетейік, Өндіргенов ұсталған кезде оның үйіндегі ақшаны тергеушілер арнайы аппаратпен 5 сағат бойы есептеген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары