{metadescription}
Оралда жол жиегінде қарбыз сататын саудагерлер полициямен төбелесе жаздады
Оралда жол жиегінде қарбыз сататын саудагерлер полициямен төбелесе жаздады

Оралда жол жиегінде қарбыз сататын саудагерлер полициямен төбелесе жаздады

Оралдықтар жаппай ішек ауруына шалдығуы мүмкін. Өйткені өңірде адам өміріне қауіпті қарбыздар сатылуда. Санитар мамандар көкөніс құрамында нитраттың шамадан көп екенін анықтап дабыл қағып отыр. Алайда саудагерлердің оған бас ауыртатын түрі жоқ. Жол жиегіндегі жабайы сауданы тыюға тәртіп сақшыларының да шамасы келмей жатыр. 

-Мой сын инвалид второй группы пожизненно. Как мне остается жить?! На что жить мне?!

Оралдық тәртіп сақшылары жабайы сауданың көрігін қыздырғандармен осылай алысып әлек. Полицейлер саудагерлермен күресу қылмыскерлерді құрықтаудан да қиын дейді. Тіпті талайына айыппұлда салынған. Алайда, мойындарына ілінген қырауар қаржы, көпке сабақ болмаса керек.

-Бар ғой, бәрі бар.

-Көрсете аласыз ба?

-Жоқ. Енді камазда тұр ғой. Қағаздар бәрі бар.

Тәртіп сақшылары мен саудагерлер қазір ит пен мысықтай қас. Қызыл жағалылар оларды орындарынан қуғанымен, қашып келіп тірліктеріне қайта кіріседі. Өздері бұған амалсыз баратындарын айтады.

Лаура Насырова, сатушы:

-Өткен жылы осы жерде екі ай тұрғанмын, биыл бір-ақ ай сауда жасап, банкрот болдым. Үш балам бар, оларды қалай асыраймын. Айтыңыздаршы: міне екі ұлым тұр, екуіде мүгедек. Үшіншісі әлі кішкентай.

Әзірге шаһарда қарбыздан уланғандар жоқ. Дегенмен санитар мамандары биыл көкөніс құрамындағы нитраттың шамадан екі есе көп екенін айтуда. Сондықтан тұрғындарға сақ болуға кеңес береді.   

Меңтай Сұлташева, Орал қалалық тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің басшысы:

-Тұрғындарға айтарымыз, егерде бақша өнімдерін сатып алғыңыз келсе, арнайы белгіленген сауда орындарынан сатып алыңыз дейміз. Себебі ол жерлерде бақша өнімдерінің барлық түрлеріне тиісті сертификаттары, олардың қауіпсіздігін және сапасын дәлелдейтін, диклорациясы және тиісті құжаты болады.

Жергілікті билік пен тәртіп сақшылары жабайы сауда иелерімен күресуге дәрменсіз. Күнделікті рейд те нәтиже бермей тұр. Ал, жыл басынан бері заңсыз жерде сауда жасаған мыңнан аса сатушы жазаланыпты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде