{metadescription}
Атырауда нан бағасы 15 теңгеге қымбаттап кетті
Атырауда нан бағасы 15 теңгеге қымбаттап кетті

Атырауда нан бағасы 15 теңгеге қымбаттап кетті

Атырауда нан қымбаттады! Осы уақытқа дейін қала дүкендерінде  55-60 теңгеден сатылып келген ас атасы бүгіннен бастап 70 теңге.

Қымбатшылықтың себебі қашанғыдай ұн бағасына байланысты екен. Ұнның келісін 81 теңгеден алып келген наубайхана иелері енді 97 теңгеден алуға мәжбүр. Сондықтан, көп ойланбай нанның да құнын көтеріпті. Онымен жергілікті билік те оңай келісе қойған. Ал, тұрғындар нан бағасының әлсін-әлсін көтерілгеніне наразы. Айта кетсек, Атырау облысында соңғы 9 айда осымен үшінші рет қымбаттап отыр.

Жайлан Берғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Бұрын нан дегенді 60-тан алып жүргенбіз. Енді кеше барсақ, 70-тен дейді. Біздер көпбалалы анамыз ғой,біздерге екі нан-үш нан алсақ жетпейді. Сонда қайда барып күн көреміз біз?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде