{metadescription}
0:000:00
Каспий теңізі геосаяси ойындардың ошағына айналуы мүмкін бе?

Каспий теңізі геосаяси ойындардың ошағына айналуы мүмкін бе?

Каспий маңындағы 5 мемлекеттің министрлері теңізді тағы да бөлісе алмады. Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран мен Түркіменстанның Сыртқы істер министрлері Каспийдің әр елге тиесілі аумағын анықтау үшін Астанаға жиналған болатын. Бүгін дипломаттар есікті жауып алып, күні бойы кеңескенімен, ортақ мәмілеге тағы келмепті. Енді келесі жылы қазақ жерінде мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін «Каспий бестігінің» бесінші саммитіне дейін қосымша кездеспек. Өйткені, негізгі құжаттар әлі дайын емес.

Каспий маңындағы бес мемлекет теңізді теңдей бөліп алу мәселесін 20 жылдан бері шеше алмай жүр. Өйткені, түбі тұнып тұрған табиғи байлық: мұнай, газ, ал суында бекіре жүзген және әскери-теңіз флоты мен ең тиімді көлік транзитін Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран мен Түркіменстан бірдей пайдаланғысы келеді. Әсіресе, біздің ел үшін Каспий бірінші кезекте шекаралық аймақ ретінде маңызды. Әрі Қазақстанға географиялық тұрғыдан да теңіздің көбірек бөлігі тиесілі. Мұнымен теңізді тең бөлгісі келетін көршілердің келіскісі жоқ.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Каспийдің құқықтық мәртебесін тезірек бекітіп, Конвенцияны қабылдау қажет. Құжат теңіз маңындағы мемлекеттердің өзара қарым-қатынасын реттейді және Каспийдің айналасындағы аймақтардың тұрақтылығы мен дамуына кепіл болады. Сондықтан келісімді барынша жеделдетуіміз керек.

Оның үстіне,Каспийдің географиялық статусы әлі анықталмай отыр. Егер Каспий теңіз деп мойындалса, әркім өз территориясындағы мұнай мен газды пайдалана береді. Ал, Каспий көл деп танылса, онда қазба байлық әр елге бірдей үлестірілуі тиіс. Ең үлкен мұнай кеніші Қашағанның да тағдыры дәл осы шешімге байланысты. Сондықтан бүгін қызу пікірталас болды. Мәселен, Әзербайжанның Сыртқы Істерминистрі аймақтағы тұрақтылық, қауіпсіздікпен қатар әр елдің егемендігін ескеру қажет дейді. Сондай-ақ, Эльмар Мамедияров Каспий маңындағы бес мемлекет бір-бірінің ішкі мәселесіне араласпауын талап етті. Иран жағы болса, теңізді тек бейбіт жағдайда пайдалануға, әскери техниканы мүлдем қолданбауға шақырды.

Бірақ, есікті жауып алып күні бойы кеңескенімен министрлер бүгін де ортақ шешімге келе алмады.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Құжат өте күрделі болғандықтан Сыртқы істер министрлері тағы қосымша жиналу керек. Бүгін нәтижелі жиын болды. Бірақ, әлі шешілмеген төрт маңызды сұрақ бар.

Яғни, Каспийді кімнің қалай пайдаланатыны әлі нақтыланған жоқ. Тек тараптардың теңіздегі қауіпсіздік мәселесіне қатысты мәмілеге келген сыңайлы.

Сондықтан, биыл қазақ жерінде өтеді деп жоспарланған «Каспий бестігінің» бесінші саммиті де келесі жылға қалып отыр. Оған дейін Сыртқы істер министрлері тағы жиналып, бірқатар құжаттарды дайындамақ. Мемлекет басшылары қатысатын саммитте нақты ұсыныстар айтылуы тиіс және Каспийді бөліп алу мәселесіне нүкте қойылады. Құжат қабылданса, Қазақстанның теңіз аймағындағы шекара мәселесі де түбегейлі шешіледі деген сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде