{metadescription}
Алматыда қаруланған қаскөйлер полиция бөлімшесі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына шабуыл жасады
Алматыда қаруланған қаскөйлер полиция бөлімшесі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына шабуыл жасады

Алматыда қаруланған қаскөйлер полиция бөлімшесі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына шабуыл жасады

Алматыда атыс! Қаланың бірнеше жерінде қаруланған қаскөйлер полиция бөлімшесі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына шабуыл жасады. Олар күзеттегі тәртіп сақшыларына оқ жаудырып, тіпті солардың қолындағы автоматтарын алып жасырынып үлгерген. Бірнеше ауданда болған шабуыл салдарынан 3 полицей мен бір бейбіт тұрғын өлді дейді Ішкі істер министрлігінің өкілдері.

Алматыдағы бүгінгі қарулы шабуылдың алғашқысы Алмалы аудандық ішкі істер бөлімшесінің алдында болған. Қаскөйдің де аты-жөні күш құрылымдарына белгілі. 27 жастағы Қызылорда облысының тумасы кезекшіліктегі полицейге шабуыл жасап, оның қолындағы «Калашников» автоматын иемденген екен. Кейін ол Никольский базарының бағытына қарай қаша жүргіріп атысып, полиция экипажының тағы екі қызметкерін жаралаған.

Света Кимелова, оқиға куәгері:

-Әйтеуір тасыр-тұсыр етті бірдеңе. Ештеңе ойлаған жоқпын. Сосын тағы да қайталанды. Елдің барлығы былай қарай жүгірді. «Атыс болып жатыр» деді. Мен ана жерден қараған кезде автомат ұстаған біреу былай қарай кетіп бара жатты. Сақал-мұртын көрген жоқпыз. Қара футболкалы автоматты былай ұстап алған.

Қаскөй сол қашқаннан із суытпақ болыпты. Сөйтіп, Абылай хан даңғылының бойындағы қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің алдына дейін жетіп үлгерген. Тәртіп сақшылары алдына тосқауыл қойған соң ғана көліктен сыртқа шығып, оңды-солды оқ жаудара бастаған.

Өлмей берілмеске бекінген қаскөй жақын маңдағы кеңселердің бірінде қызмет ететін күзетшіні жаралаған. Ал өзіне бес жерден оқ тиген соң ғана аяққа жығылып, тірідей қолға түсті.

Бірінші шабуылдан араға 14 минут  араға салып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына да шабуыл жасалған. Бұл кезде 3 полицей оққа ұшыпты. Ал қару жұмсаған қаскөй еш қысылмастан көше бойымен жаяу кеткенін куәгерлер көріп қалған.

Ольга Осипова, оқиға куәгері: 

-Аспай-саспай келе жатты, қашқан жоқ. Айтқаны «ұялы телефондарыңды алыңдар, болмаса мен өлтірем». Атқанын көрмесек те, естідік. Байзақов көшесінде тұрған жігіт құлап қалғанын көрдік.  

Ефим, оқиға куәгері:

-Тарсылдаған дыбыс шықты. Хлопушка деп ойладым. Алты рет атты. Атыстың дауысы әр түрлі естілді.   

Қаскөйдің көше бойындағы жүрісі көліктегі бейнетіркеуішке  де түсіп қалған. Ал Абай мен Мұқанов көшелерінің қиылысында Тойота камри көлігінің ішінде өлі жүргізушінің денесі табылды. Ақпарат бойынша ол қаскөйлерге қарсылық танытқаны үшін оққа ұшқан. Ал аудандық полиция бөлімшесіне жасалған шабуылдан соң тәртіп сақшыларының бірі «із-түссіз жоғалып кетті» деген ақпарат бар. Қазір барлық күш құрылымдарының қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Лаңкестік шабуылдан 7 адамның өлгені айтылып жатыр. Дегенмен, Ішкі істер министрлігі әзірге 3 полицей мен бір бейбіт тұрғынның қаза тапқанын растады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде