Жараланған полицейлер қалалық жедел медициналық қызмет көрсету ауруханасына жеткізілді
Қаскөйлермен болған атыстан жеті полицей жараланған. Түрлі дене жарақатын алған олар қалалық жедел медициналық қызмет көрсету ауруханасына жеткізілді. Барлығының да жағдайы ауыр. Тіпті кейбірі жансақтау бөлімінде қаза тапқан секілді. Себебі аурухана алды түстен бері азан-қазан. Жақындарын жоғалтқандар жылап-сықтап, шетінен талып жатыр.
Автор: Диас Нұрақын
18.07.2016
Десе де оққа ұшқандардың саны бұдан көп болуы да мүмкін. Өйткені әзірге ақ халаттылар қандай да бір нақты ақпарат берген жоқ. Есесіне емдеу мекемесі қарулы күзеттің қатаң бақылауына алынған. Сондай-ақ сақшылар өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандар мен әкімшілік ғимараттарды күзетіп тұр. Тіпті қаладағы ірі сауда орталықтары, банк бөлімшелері мен қару-жарақ дүкендері жабылып, уақытша жұмысын тоқтатты. Тиісінше терроризмге қарсы күрес жөнінде арнайы штаб құрылып, қаскөйлерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, полицейлер қандықол қылмыскерлердің ешкімді де кепілге алмағанын айтуда. Яғни әлеуметтік желілер арқылы таратылған мәліметтердің кейбірі жалған болып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!