Алматыда террористік қауіптің қызыл деңгейі белгіленді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы қанды қырғынға байланысты террористік қауіптің қызыл деңгейін белгіледі. Бұл лаңкестік қатердің ең жоғарғы түсі. Сондықтан арнайы қызмет пен полиция алматылықтарға үйден шықпауға, антитеррорлық операцияларға түсіністікпен қарауға шақырды.
Автор: Диас Нұрақын
18.07.2016
Тәртіп сақшыларына кез келген көлікті тоқтатып тінтуге, азаматтардың жеке тұлғасын анықтауға да рұқсат етіледі. Қазір қалада құрықтау шарасы жарияланып, көшеде оқ атқан күдіктілерді іздеу жалғасып жатыр. Сондай-ақ қаладағы барлық күштік құрылымдар күшейтілген тәртіпке көшіп, стратегиялық маңызы бар нысандар қатаң күзетілуде. Әуежай, теміржол вокзалдары, автовокзал мен метродағы күзет күшейтілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!