Талантты жастар Бурабай баурайында танымал тұлғалардан тегін дәріс алды
Еліміздегі ең талантты жастар Астанада танымал тұлғалардан тегін дәріс алып жатыр. Жүзге жуық өнерлі ұл мен қызға екі апта бойы еңбек сіңірген ұстаздар білім беріп, шеберлік сағаттарын өткізді.
Автор: Жәудір Оразхан
18.07.2016
Әнге, биге, сурет салуға жақын жастар еліміздің әр аймағынан жиналған. Бәрі шетінен өнерлі. Тұңғыш президент қоры мен ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы ұлттық клубтар федерациясы талантты жасөспірімдерді арнайы байқау өткізіп іріктеп алған. Студенттерге халық әртістері, танымал өнер иелері дәріс оқыды. Оқу бағдарламасы аяқтаған соң қатысушылар Астанадағы Президент кітапханасын аралап, Елбасының өмірімен жақын танысты. Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи суреттерін көзбен көрді. Кейін өнер академиясының мүшелері экскурсияны Бурабайда жалғастырды. Онда жануарлар бағына барды. Көкшенің сұлу табиғатын жаяу аралады.
Серік Аязбаев, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы ұлттық клубтар федерациясының вице-президенті:
-Биыл балаларға арнап шығармашылық академиясын ұйымдастырдық. 12 мен 17 жас аралығындағы 500 адам бақ сынауға өтініш білдірді. Соның ішінен 100 үміткерді іріктеп алып, музыка, вокал, хореграфиядан екі апталық оқуға шақырдық. Көздегеніміз– талантты жастарға қолдау көрсету.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!