Петропавл еріктілері азық- түлік таратты
Петропавл еріктілері тұрмысы төмен жандардың үйлерін аралап, азық- түлік таратты. Олардың ғаламторда тастаған үндеуін қалалықтар ғана емес, ірі сауда орындары мен түрлі фирмалар да қолдапты. Мұндай шараларды енді жастар тұрақты түрде ұйымдастырмақ.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
18.07.2016
Ерікті топтың жетекшісі Аян құбырларымен түні бойы көз ілмей азық- түлікті 140 пакетке бөліп салыпты. Сүт ашып кетпесін деп таңертеңге қалдырған. Бұл тамақты олар ғаламторда үндеу тастап, қалалықтардан 3 апта бойы жинаған. Ендігі міндет - мұқтаж жандарға тарату.
Татьяна Селинская, ерікті:
-Кейбірінің жағдайын көргенде көзіңе тіпті жас келеді. Әсіресе, аш отырған балаларға обал. Бәріне көмектескің келеді. Бірақ біздің де мүмкіндігіміз шектеулі ғой.
Петропавл еріктілері бұл шараны жыл басынан бері екі рет өткізген. Мұқтаж жандардың тізімін қалалық еңбекпен қамту бөлімінен алыпты. Жастар алғаш ат басын тіреген - Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедегі Александар Ивановтың үйі. 90 ды алқымдаған қария жалғыз тұрады екен.
Александр Иванов, соғыс ардагері:
-Көп жүре алмаймын. Дүкенге шықпайтыным да сол. Иығыма 1945 жылдың қысында оқ тиген. Омыртқам да зақымданған. Сондықтан мұндай көмекке ризамын.
Ал тағы бір соғыс ардагінің жары Тамара Горбунова үшін азық- түлік салынған пакет таң атпай тосын сый болды.
Тамара Горбунова, Петропавл қаласының тұрғыны:
-Бұрын бізге не сайлау алды, не 9 мамыр қарсаңында келуші еді. Жай күні келгені қызық болды. Күткен жоқпыз. Азық -түлікке аса мұқтажбыз демеймін,бірақ бәрібір ниеттеріне рахмет.
Бір күнде ерікті топ 70 үйді аралап, азық- түлік таратты. Бір қызығы, олардың арасында бірде бір қазақ отбасы жоқ. Әдетте, көпбалалы қаракөздер мұндай көмектен бас тартады екен. Ал еріктілер болса енді 1-ші қыркүйек қарсаңында көпбалалы аналарға арнап киім -кешек жинаймыз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!