{metadescription}
Шығыс Қазақстан облысында жетімдер мемлекет тарапынан берілген баспанаға көңілдері толмай отыр
Шығыс Қазақстан облысында жетімдер мемлекет тарапынан берілген баспанаға көңілдері толмай отыр

Шығыс Қазақстан облысында жетімдер мемлекет тарапынан берілген баспанаға көңілдері толмай отыр

Жетімдердің жанайқайы! Шығыс Қазақстан облысында жетімдер мемлекет тарапынан берілген баспанаға көңілдері толмай отыр. Айтуларынша, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің төбесі тесік, іші сыз, яғни, тұруға жарамсыз. Бұған қарсылық білдірген жаңа пәтерлердің иелері коммуналдық қызметтерді төлеуден бас тартып, ақыр аяғында бұл дау сотқа дейін жетіпті. Енді 20 шақты отбасы жақында далада қалуы әбден мүмкін.

Мына 5 қабатты тұрғын үй мемлекеттік бағдарламамен салынып, осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген. Осы пәтерлерді алғанда бөрікті аспанға атып, тіпті көз жасына ерік берген көпбалалы аналар мен мүгедектердің, жетімдердің қуанышы көпке созылмады.

Мың сан мәселесі бар баспана қыста суық. Әрі ауызсу да бесінші қабатқа дейін сыздықтап әрең көтеріледі екен. Ал әкімдік табалдырығын тоздырған тұрғындарға ондағылар «осындай баспананың берілгеніне де рақмет айтыңдар» деп қуып шыққан.

Елена Гилёва, Риддер қаласының тұрғыны:

-Бізге, билікке рахмет айтыңдар дейді. Біз, әрине, өле өлгенше ризамыз. Бірақ, мына пәтерде қалай тұрамыз?

Ал әкімдіктегілердің әңгімесі әдеттегідей. Айтуларынша, тұрғынүйге әлі де құрылыс компаниясы жауапты. Тіпті, 30 тамызға дейін әктеп-сырлап, төбені жөндеу керектігі туралы міндеттеліпті.

Александр Захарченко, Риддер қаласы әкімінің орынбасары:

-Төбенің тесік екендігін айтып, бірнеше рет бардық. Келісім-шартта көрсетілген кепілдік міндеттемелерін орындамайтын болса, оларды сотқа береміз. Және сот тәртібімен оларды қара тізімімізге енгізіп, айыппұл өндіріп аламыз.

Бірақ, әкімдік әзірге тұрғындардың өздерін сотқа беріп қойыпты. Өйткені, көпшілігі жарамсыз баспана үшін ақы төлеуден бас артып, ақыр аяғында қарызға батыпты. Яғни, тұрғындар тек жылу үшін 1 миллион 300 000 теңге қарыз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.