Астаналықтар бұршақ пен нөсерден келген шығындарын есептеп жатыр
Астаналықтар тағы толарсақтан су кешуге мәжбүр. Бұл жолы нөсер жаңбырмен қоса бұршақ жауып тұрғындарды әбден әбігерге салған. Көшелерді топан су басып, қозғалыс қиындады.
Автор: Сабина Мәдиқызы
18.07.2016
Қатарынан екі күн толассыз жауған жаңбыр мен бұршақтың кесірінен Астананың тіршілігі тағы тұралап қалды.Қозғалыс қиындап, көліктер бұзылып, мемлекеттік нөмерлерін жоғалтқан жүргізушілердің біраз жүйкесі жұқарды. Бұған қоса, елордадағы тұрғын үйлердің бірінің шатырынан жаңбыр суы тамшылап, шығынға батқан. Ал Астана әкімдігінің бас ауруына айналған жаңбыр суынан құтылу оңай болмайын деп тұр. Әзірше, шенеуніктер «Экспоға» дейін бюджеттің 10 миллиард теңгесіне сол жағалауға ғана арықтар салмақ. Сондықтан Елорда Венеция тіркесінен алдағы бірнеше жылда құтыла алмайтын сыңайлы. Оның үстіне синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді.
Зайна Құлжабаева, РГП «ҚазГидромет» инженер-синоптигі:
–Кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, найзағай болады. Күндіз бұршақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Екпінді жел соғады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!