{metadescription}
Елші қазақстандық туристерді Түркияда демалудан қорықпауға кеңес берді
Елші қазақстандық туристерді Түркияда демалудан қорықпауға кеңес берді

Елші қазақстандық туристерді Түркияда демалудан қорықпауға кеңес берді

Түркияда билікті заңсыз басып алуға қатысы барларды жаппай тұтқындау жалғасып жатыр. Қарулы күштердің генералдары, прокурор, судьяны қосқанда 6 мыңдай адамның қолына кісен салынған.

Соңғы мәлімет бойынша, әскерилердің шабуылы кезінде 300-ге жуық адам қаза тапқан. Оның жүзден астамы бүлікшілер. Ердоғанды биліктен тайдырмақ болған генералдар оның демалып жатқан шипажайы, резиденциясы мен бірнеше мемлекеттік ғимаратты бомбалап, басып алмақ болған еді. Алайда, жоспарлары іске асқан жоқ. Ал халықты жаппай көшеге шығарған Түркия президенті бұл Америкадан пана тапқан қашқындағы Фетхуллах Гүленнің ісі деп ашық айтты. Сөйтіп, саясатқа ықпалы зор Гүленнің жақтастары қазір биліктен жаппай қуылып жатыр. Ал төңкерістің қаупі сейілгенімен Түркиядағы жағдай әлі ушығып тұр. Стратегиялық нысандардың күзеті күшейтіліп, рұқсатсыз көкке көтерілген тікұшақтарды атып түсіруге бұйрық берілген. Дегенмен, бұл жағдайдан Түркияның әйгілі демалыс орындарында тынығып жатқан саяхатшыларға еш қауіп жоқ дейді биліктегілер. Бұған қазақстандық туристерді бүгін түрік елшісі  де сендіруге тырысты.  

Невзат Уянык, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

-Түркияда тынығып жатқан қазақстандықтарға ешқандай қауіп жоқ. Олардың өмірін қорғауға жауаптымыз. Уақытша үзілген әуе қатынасы қазір қайта қалпына келді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде