{metadescription}
Франциядағы терактіден қаза тапқан отандастарымыздың денесі Павлодарға жеткізілмек
Франциядағы терактіден қаза тапқан отандастарымыздың денесі Павлодарға жеткізілмек

Франциядағы терактіден қаза тапқан отандастарымыздың денесі Павлодарға жеткізілмек

Ниццадағы терактіде қаза тапқандардың қатарында қазақстандықтар да болған. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі қанды қырғын кезінде жоғалып кеткен павлодардық бір отбасы мүшелері: Марина Панченко, Любовь Панченко, Сильвия Панченко және 57 жастағы Наталья Оттоның сол терактіде мерт болғанын мәлімдеді. Қазір отандық дипломаттар марқұмдардың денесін туған жерге  жеткізу мәселелерімен айналысып ыжатыр.

Артем Земченко, Павлодар қаласының тұрғыны:

-Марина өте ашық, шығармашылықтың адамы еді. Бизнесті бірге бастадық. Адамдарға көмектескісі келіп тұратын. Өте сабырлы жан.

Таныстарының айтуынша, Марина Панченко бірнеше жылдан бері Ниццада тұрады. 32 жастағы келіншек жақында кішкентай қызымен Павлодарда екі ай туғандарының қасында болған екен. Кейін Францияға өзімен бірге әкесі мен анасын қонаққа ала кеткен. Ал, тура теракті күні Марина Панченко 59 жастағы анасы Любовь Панченконы және қызын ертіп орталық алаңға  отшашу көруге шыққан. Сол күйі үйіне оралмады. Және тағы бір жерлесіміз 57 жастағы  Наталья  Отто да теракті кезінде  оққа ұшып  көз жұмды. Бүгін астаналықтар да Франция елшілігінің алыдна жиналып, қаза болғандарды еске алды, гүл шоқтарын қойды. Көңіл айтып келгендерді көргенде Францияның елшісі көңілі босап, тіпті көзіне жас алды. 

Франсис Етьен Францияның Қазақстандағы елшісі:

- Қайғы баршамызға ортақ. Жүрегіміз қан жылап, қабырғамыз қайысып отыр. Терактіден көптеген ұлттың өкілдері жазықсыз көз жұмды. Қастандық жасағандар ешқашан біздің сағымызды сындыра алмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде