Елімізде әскери бөлімдер мен қару сататын дүкендердің күзеті күшейтілді
Ел аумағындағы барлық әскери бөлімшелер де күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.
Автор: Руслан Әбдіхалық
18.07.2016
Жалпы бүгінгі Алматыдағы оқиға бүкіл өңірдегі күштік құрылымды аяғынан тік тұрғызды. Қазір жер-жерлерде бірінші кезекте қару сататын дүкендер жабылып, күзет күшейтілген. Тараздағы қару-жарақ сататын нысандардың есігінде қос-қостан арнайы жасақ тұр. Ақтөбедегі ұлттық қауіпсіздік департаменті мен қалалық ісші істер басқармасының ғимараттары да қатаң бақылауға алынған. Сол нысандар орналасқан көше түгелдей жабылып, көлік қозағылысына шектеу қойылды. Аймақта сақтық шарасына аса ден қоюдың себебі жоқ емес. Өйткені бар жарым айы бұрын содырлар қару сататын дүкендерге шабуыл жасаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!