{metadescription}
Сирияға барып соғысып келген қызылжарлық жігіт сотталды
Сирияға барып соғысып келген қызылжарлық жігіт сотталды

Сирияға барып соғысып келген қызылжарлық жігіт сотталды

Сирияға барып соғысып келген қызылжарлық жігітке бүгін сот 7 жыл үкім кесті. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Марат Өмірзақов араб  елінде террористерге тиесілі нысандарды күзетумен айналысқан.

Ал соғыс болып жатқан аймаққа осыдан төрт жыл бұрын Түркия арқылы өткен екен. Сонда «Әл-Мухаджерин уәл-Аңсар» деп аталатын халықаралық лаңкестік топтың мүшесі болған. Тек былтыр жазда елге кері қайтпақ болғанда, түрік шекарашыларының қолына түсіп, Қазақстанға депортацияланыпты. Өмірзақовтың нақты әскери қақтығыстарға қатысқаны сотта дәлелденген жоқ. Дегенмен, оның лаңкестік топтағы міндеті - өздері тұрған аймақты Сирия үкіметінің әскерінен қорғау болыпты. Әрі елге кері қайтарда құр қол келмей, діни тақырыптардағы әдебиеттер мен жиһадқа үндейтін дискілерді қабымен жеткізбек болған. Осының өзі Өмірзақовқа жеті жыл жаза кесуге жеткілікті болған сыңайлы. Бірақ айыпталушының өзі сотта кінәсін мойындаған жоқ.

Қуандық Мұхамедияров, адвокат:

-Ол Сирияда болған жоқ. Түркияда жұмыс істеген. Визасы бітсе де, елден кетпегені үшін ұсталды. Сондықтан біз апелляциялық шағым түсіреміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде