Қарағандыда экс-премьер Серік Ахметовтің мүлкіне талас басталды
Қарағандының сот орындаушылары Серік Ахметовтің мүлкін тәркілей алмай жүр. Өйткені экс-премьерге тиесілі деген «Топар» жылыжайлары «Қазагрофинансте» кепілде тұр екен. Енді осы мекеме мен прокуратура арасында мүлікке таласып туған дау сотқа дейін жетіп отыр.
Автор: Саят Сабдалы
19.07.2016
Әйгілі жылыжайлар Ахметовтің тікелей атына емес, жақындарына жазылғаны дәлелденген дейді прокурорлар. Ал осы нысанды салып, құрылғылармен толық жабдықтауға кезінде «Қазагрофинанс» арқылы Ұлттық қордан 4 миллиард теңге бөлінген екен. Сондықтан мемлекет қаржысы жұмсалып, кепілге алынған мүліктен олар да оңай айырылмақ емес. Оның үстіне Ахметовтің бұл жылыжайда қанша үлесі бары да құжатта көрсетілмепті. Өйткені жылыжайлар экс-премьерге үкім шығар алдында басқа біреулерге сатылған екен. Бұның да жай-жапсарын білмей басы қатқан тергеушілер, енді өз алдына тағы бір қылмыстық іс қозғап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!