Алматыда атақты композитордың ұлын сүңгуірлер өзеннен іздеп жатыр
Алматыда жоғалған жігіт әлі табылмай жатыр. Атақты композитор Еркеш Шәкеевтің баласы сенбіден бері ізім-ғайым жоқ.
Автор: Аруна Ортай
19.07.2016
Америкада оқып келген 25 жастағы Сафар Шәкеевті іздеуге қазір жүзден астам полиция қызметкері жұмылдырылған. Одан қалды, 60 шақты ерікті күні-түні ол жоғалған маңайды тінтіп жүр. Сазгердің ұлы соңғы рет Әл-Фараби - Ремизовка қиылысындағы камераға түсіп қалған. Таңғы жетілер шамасында көшеге шыққан жігіт тауға қарай бет алған болуы мүмкін. Егер оны көрген-білгендер бар болса, мына нөмірлерге хабарласуларына болады. Ақпарат берген адамға 10 миллион теңге сыйақы бар.
8 (747) 626-48-54, 8 (701) 787-88-87, 8 (775) 478-87-71
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!