{metadescription}
БҚО-да шенеуніктер тұрғындардан дауыл болғанын дәлелдеу үшін ауа райы туралы анықтама талап еткен
БҚО-да шенеуніктер тұрғындардан дауыл болғанын дәлелдеу үшін ауа райы туралы анықтама талап еткен

БҚО-да шенеуніктер тұрғындардан дауыл болғанын дәлелдеу үшін ауа райы туралы анықтама талап еткен

Батыс Қазақстан облысында дүлей дауыл екі бірдей ауылды жарықсыз қалдырды. Жаңбыр аралас соққан жел үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды түбірімен қопарып тастаған. Қазір тұрғындар өз күштерімен әрекет етуде. Өйткені төтенше оқиғаға қатысты комиссия енді құрылып жатыр. Ал олардың мұндай жайбасарлығымен көмектің қашан болары белгісіз.

Жайық пен Новенкий ауылының осылай опан-топаны шыққан. Жиырма минуттың ішінде дүлей дауыл үйлердің шатырын ұшырып, электр бағаналары мен ағаштарды тамырымен құлатыпты. Енді қос бірдей елді-мекендегі жүзден аса шаңырақ жарықсыз отыр.

Эльмира Бекқалиева, Жайық ауылының тұрғыны:

-Қатты жел басталды. Жаңбыр. 20 минут ішінде бүкіл ауылдың быт-шытын шығарды. Ешқандай көмек жоқ. Ешкім келген жоқ. Ешқандай комиссия жоқ.

Екі күннен бері мұнда жағдайын сұрап, ат ізін салмаған атқамінерлерге ауыл тұрғындары өкпелі. Сондықтан шенеуніктерден үмітін үзгендері өз күштерімен үйлерін жөндеп жатыр. Ал қаржысы жоқтары әкімдіктегілердің жолын тосуға мәжбүр.

Новенкий ауылында дауылдан балабақша зардап шеккен. Тамырымен жұлынған ағаштар терезені сындырып, төбесін жапырыпты. Ойын алаңының да түгі қалмаған. Енді оны қайта қалпына келтіру үшін мұндағылардың алдымен қыруар құжат жинауы керек.

Галина Скалозуб, балабақша қызметкері:

-Ауылымызда дауыл болғанын дәлелдеу үшін ауа райы туралы анықтама алуымыз қажет екен. Онда да жел екпіні секундына 25 метрден асуы керек. Олай болмаса бізге шығынды өтемейді.

Батыстағы шенеуніктер дауылдан зардап шеккендерге нендей көмек көрсететіндерін әлі білмейді. Өйткені комиссияны апаттан соң араға бір жарым тәулік салып әрең құрған.

Амангелді Тоғызбаев, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары :

-Тұрғындармен кездесіп, жағдайларын білеміз. Шығынды қалай өтейтінімізді қарастырамыз. Ақшалай немесе құрылыс материалдарын берерміз.

Әкімдіктегілер енді алдымен электр желісін жөндейміз деп отыр. Бірақ ең болмаса жарықтың ауылға қашан берілетінін сол күйі айта алмады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде