Елімізде терроризм туралы заң қайта жазылып жатыр
Осындай қанды оқиғалардың жиілеуінен соң терроризмге қарсы заң қайта жазылып жатыр. Қазір еліміздің жетекші сарапшылары ұсыныстарын әзірлеуге кіріскен. Кейін ол тиісті ведомстволарға жолданып, қылмыстық кодекс пен бірқатар құжаттардағы лаңкестікке қатысты баптар бастан-аяқ өзгереді. Тіпті күзде Парламенттің қарауына түсіп, көп ұзамай бекітілуі қажет.
Автор: Ербол Сейілхан
19.07.2016
Өйткені, Қазақстанда діни ахуал әлі күрделі. Соңғы жылдары радикалды ағымдарға қосылған адамдардың саны күрт артқан. Оның үстіне қарапайым халық қанды оқиға кезінде өз өміріне төнген қауіпті ескере бермейді. Мәселен, алматылық атқыш қолға түскен сәтте, тұрғындар жан-жақтан қаумалап оны ұялы телефондарына түсірген. Егер дінмен санасы уланған лаңкес «шахид белдігін» іске қосқанда, өлгендер саны көп болуы мүмкін еді. Сарапшы, Ерлан Кариннің пікірінше бұл ұзақ жоспарланбаған бей-берекет жасалған теракт. Одан қалды, Қазақстандағы сойқандарды халықаралық террористік ұйымдардың бірде бірі өз мойнына алмаған. Сондай-ақ, Ерлан Қарин Алматыда жалғыз адамның қырғын салуы мүмкін емес дегенге күмән келтірудің қажеті жоқ дейді. Осы жерде Франция мен АҚШ-та болған терактіні радикалдардың жалғыз жасағанын дәлел ретінде келтірді.
Ерлан Қарин, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры:
- Көбіне көп террористік шабуылдарды ұйымдастырып отырған бір көп болса үш адам, кішігірім топ. Сондықтан бұндай әрекеттер әрине қиын. Радикалды топтардың мүшелері шын негізінде бастапқыда кәдімгі қылмыстық топтардың мүшесі ретінде бастайды. Яғни, олар қылмыскер болғаннан кейін қару жарақты пайдалануды да меңгереді үйренеді деген сияқты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!