{metadescription}
 Алматыда полицейлерді атып өлтірген лаңкестің  енесі күйеу баласын өлім жазасына кесуді сұрады
 Алматыда полицейлерді атып өлтірген лаңкестің  енесі күйеу баласын өлім жазасына кесуді сұрады

Алматыда полицейлерді атып өлтірген лаңкестің енесі күйеу баласын өлім жазасына кесуді сұрады

6 адамды жер жастандырған Руслан Күлікбаевтан жақын туыстары да жерініп отыр. Алматы іргесіндегі Ынтымақ ауылында тұратын ата-енесі күйеубалаларын талайдан бері көрмегендерін айтуда. Лаңкеске күйеуге шыққан қыздарымен де тек телефон арқылы сөйлесіп келген. Сондықтан кешегі оқиға барлық әулетімізде дақ түсірді дейді күйінген ата-ана.

Ынтымақ ауылындағы Абай көшесінде кешелі-бері кісі қарасы көп. Алты адамды атып өлтірген Руслан Күлікбаев осы ауылдың тұрғыны дегенді естіп тәртіп сақшылары да ағыла бастаған. Алайда мұнда оның ата-енесі тұрады екен. Ал қандықол күдіктінің өзі ауылға аттап баспаған. Өйткені осы үйдің жалғыз қызын алып қашқан жігіт сол бойы қайын жұртымен ат құйрығын кесісіпті. Бұған дейін екі рет сотталып шыққан күйеубаладан ата-енесі де жерініп отыр. Былтыр түрмеден шыға сала қызымызбен қайта қосылып, Байқоңыр қаласына кетті дейді олар.

Жұмахан Үмбетқұлова, Руслан Күлікбаевтың енесі: 

- Менің үйімде тұрмайды. Ол Қызылорданың азаматы. Ол «күшік күйеу» болатын бала емес. Қызыммен танысты сонда құда-жекжат, салық салу ондай нәрсе көрмедік. Басында намаз оқиды дегенде, маған бір жақсы бала ұшыраған шығар деп ойлаппын. Содан бері бұл бала бізден қаша берді. Қызымыз айтпайды оны.

Кешегі оқиғадан есеңгіреп қалған отбасы күйеу баланың әрекетіне күйініп отыр. Он баланың ортасында әкесіз өскен Руслан Күлікбаев жат ағымның жетегінде кеткен дейді ата-енесі. Тіпті дінге берілгені сонша, әйелін төркіндерімен араластырмапты. Жұртқа оқ жаудыратындай қаныпезер екенін білмедік деген жақындары енді оған ең қатал жазаға тартуды сұрайды.

Жұмахан Үмбетқұлова, Руслан Күлікбаевтың енесі: 

- Әппақ самайымды, ақ сақалды шалымды жерге қаратты мына бала. Не деймін анық қанығын сұраңыздар. Түсініктеме де жазып бердім. Атсыншы, ату жазасына бұйырсын дедім.

Руслан Күлікбаевтың бұл ауылда тұрмағанын көршілер де растап отыр. Тіпті тұрғындар қаскөйдің көрші үйге күйеу бала екенін де білмедік дейді.

-Бағана ауруханада  естідім. Осы үйдің күйеу баласы екен де. Танымайды екем. Көрген жоқпыз. Тұрса  көшеде көрер едік. Азаннан кешке дейін үйдеміз.

Қазір күдікті Руслан Күлікбаевтың кіші ұлы осы үйде тәрбиеленіп жатыр. Яғни төрт жасар баланы туғалы бері нағашы ата-әжесі бауырына басқан. Ал әйелі Аяулымды құзырлы орындар бүгін Байқоңыр қаласынан Алматыға жеткізіпті. Оны тәртіп сақшылары сұрақ-жауаптың астына алмақшы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде