{metadescription}
Алматылық атқыш ауруханадан шығарылып изоляторға қамалды
Алматылық атқыш ауруханадан шығарылып изоляторға қамалды

Алматылық атқыш ауруханадан шығарылып изоляторға қамалды

Ал атыстан соң ауруханаға жеткізілген адамдардың әлі 2-уі хал үстінде жатыр. Тиісті операциялар жасалып, қазір дәрігерлер соның нәтижесін күтуде. Жалпы ауруханаларларға бас-аяғы 8 адам жеткізілген болатын. Бір полицей ес жимастан сол күйі бақилық болса, қазір төртеуі жедел жәрдем ауруханасында, екеуі орталық клиникалық ауруханада ем қабылдауда. Ал анау-мынау емес, ғылыми орталықта ота жасалған лаңкестің өзі таңертең тергеу изоляторына ауыстырылыпты. Осы атыста жапа шеккендердің барлығына 5 млн теңгеден жәрдемақы беріледі деді бүгін олардың қал-жағдайын білуге келген қала әкімі....

strong>

Лаңкестің қолынан жарақаттанған азаматтар қаланың екі бірдей ауруханасына жеткізілген болатын. Содан бері ағайын-туыс ашылған әр есік пен ақ халатты адамды көрген сайын орнынан тұрып, жағымды жаңалықты күтіп жүр. Бірақ қанды оқиғадан соң бір тәулік өтсе де жапа шеккендердің беті бері қарамаған сыңайлы.

Шахраб Шәбденов:

 – Жағдайы қазірше бірқалыпты дейді. Есін жиған жоқ.

Еркін Әбілдаев:

 Ешқандай өзгеріс жоқ. Сол комада жатыр. Енді бір құдайға сенесін, басқа қолымыздан келгеннің барлығын жасадық деді  профессорлар.

Қазір жансақтау бөліміндегі екі полицейдің жағдайды ауыр. Өкінішке орай оққа ұшқан тәртіп сақшыларының бірі бүгін түс қайта есін жимастан көз жұмды. Мұны естіген жақындары өздерін ұстай алмай, тура дәлізде есінен танып қалды.

– Нашатыр әкеліңдер! Тез!

Ал науқастардың барлығы оқ жарақатын алғандар. Қаскөй олардың көкірегі, іші мен басын дәл көздепті. Көп қан жоғалтқаны да содан екен. Дегенмен жағдайлары тұрақты деп сендірді дәрігерлер.

 Нұржан Исабеков, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі:

 – Көмек дер кезінде көрсетілді. Дәрі-дәрмек пен қан жағынан қамтамасыз етуден ешқандай сұрақ туындаған жоқ. Және де көмек көрсету барысында әскери медицина дәрігерлері де бірге қосылып, консультация алынып, соның арқасында қазір жағдайлары жақсы.

Жараланғандардың жағдайын бүгін Алматы әкімі сұрап келді. Полицияға қауіпсіздік шараларын күшейтуге пәрмен берген Бауыржан Байбек марқұмдардың отбасына 15 млн, ал жараланғандарға 5 млн теңгеден көмек көрсетілетінін де айтты. Тек қайғы жұтқан жандар әзір оны ойлайтын жағдайда емес. 

Сабыр етіңіз. Бүгін тиісті қаулы жасадық. Қаза тапқандардың отбасына  15 миллионнан  береміз.

- Керек емес маған.

- Жағдайының барлығын жасаймыз. Мен сіздің жағдайыңызды білемін. Сабыр етіңіз.

- Бір-ақ ай қалып еді, зейнеткерлікке шығуына.

- Ең бастысы дәрігерлер денсаулығын қарап, бар мүмкіндікті жасау керек. ең бастысы!

Ал дәрігерлер қолдан келер шараның барлығын жасап, енді науқастардың есін жиюын күтуде. Тек оған әлі біраз уақыт қажет сыңайлы.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 желтоқсан

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде