{metadescription}
Алматыда қаза тапқан полицейлердің отбасыларына күллі ел көңіл айтып жатыр
Алматыда қаза тапқан полицейлердің отбасыларына күллі ел көңіл айтып жатыр

Алматыда қаза тапқан полицейлердің отбасыларына күллі ел көңіл айтып жатыр

Лаңкестің қолынан жараланған тағы бір алматылық полицей бүгін бақилық болды. Ауыр жараланған 29 жастағы лейтенант Тимур Бегасылов сол күйі есін жимай, түстен кейін жан тапсырған. Осымен 6 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік атыстан кейін барша жұрт қара жамылған марқұмдардың отбасыларына қайғырып көңіл айтуда. Бірі- қантөгіс болған жерлерге барып тағзым етсе, үйіне іздеп барып жақындарын жұбатқандардың да қарасы қалың.

-Бауырым-ай! Оу, бауырым-ай,жаным-ау...

 Бұл қаскөйді жаралап оның қолға түсуіне себепкер болған старшина Аян Ғалиевтің үйі. Кеше таңертеңгісін ғана отағасын жұмысқа шығарып салған шаңырақ бүгінде қайғыдан қара жамылған. Бауырлары болған жайтқа әлі де сенбей, ал жақында ғана босанған жары қайта-қайта талып жатыр.

-Жаным ау, күнім менің, тірегім, қорғаным...

Анар Асанова, Аян Ғалиевтің жесірі:

-Аян өзінің жұмысына берілген адам болатын. Өзінің мамандығына сыйлы еді. Борышын адал, шын ниетімен атқарғанды жақсы көретін. Қаншама халықты қорғап, кеудесін оққа төседі. Артына қалған балаларына өзін өнеге етіп кетті. Оның балалары оны әрқашан үлгі тұтады. Ол нағыз қаһарман болды. Жаны жанатта болсын! Барлық қазақстандықтар көріп қайғымызға ортақ боп жатыр. Бірақ оның әрине орны толмас қайтып келмес қаза.

Аян Ғалиев небәрі 2 жылдан кейін зейнеткерлікке шығуы тиіс болған. Полиция қызметінің үздігі, 3 бірдей медаль иегері, көп балалы жанұяның кенжесі қарашаңырақта қартайған анамен бірге тұрыпты. 85-тегі қарияның жылай- жылай көзінің жасы құрғаған. Марқұмның артында 5-ші сыныпта оқитын қызы мен 7 айлық ұлы қалды. 

Мұратхан Ғалиев, Аян Ғалиевтің ағасы:

- Өкініштісі бір-ақ нәрсе- кішкентай ұлының жүгіріп шауып жүргенін көре алмай кетті. Сол ғана жүрегіме батады. Қара шаңырақ, 85-тегі анасын асырап отырған бала. Жұмысына да үлгеріп, алабөлек аңқылдақ еді. 

Қаскөйді тоқтатып қаза тапқан полиция қызметкерінің үйіне көрші-қолаңмен қатар, бейтаныс адамдар да келіп көңіл айтуда. Ал ауласында Аянның өзі қолдан жасап алған жаттығу жарақтары бұл үйде полицейдің тұрғанын аңғартып тұр.

Қандықол Күлекбаевтың кесірінен азаматынан айырылған Сәлімбаевтар отбасысы бұл. Небәрі 22 жастағы Мақсаттың оқ кеудесіне тиген. Кіші сержант жақында ғана отау көтеріпті. Бірге толмаған қызы мен әйелі іштегі төрт айлық баласымен соңында қалған.  

 

 Мұратхан Жамбылов, Мақсат Сәлімбаевтың ағасы:

-Жаулармен жағаласып мерт болды. Қабырғамыз қайысып тұр, айтар сөзіміз жоқ боп тұр.

 

Бүгін сол лаңкестік оқиғада жараланған тағы бір полицей көз жұмды. 29 жастағы Тимур Бегасылов аурухана төсегінде сол күйі ес жимастан кеткен. Осымен алты адамның өмірін жалмаған атыстан кейін өз-өзіне келе бастаған алматылықтар қантөгіс болған жерлерге гүл шоқтарын қойып, көңіл айтып жатыр.

 

Алтынай Сыпабекова:

-Отбасыларына амандық тілейміз, қайғыларына ортақ екенімізді айтамыз. Оларға сабыр тілейміз. Бізге өте өкінішті. Жандары жаннатта болсын! Туысымыз, жақынымыз болмаса да біз үшін жанын берген адам бізге әпрдайым қымбат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде