{metadescription}
Елімізде жұмыссыздарды әскери казармада оқыту ұсынылды
Елімізде жұмыссыздарды әскери казармада оқыту ұсынылды

Елімізде жұмыссыздарды әскери казармада оқыту ұсынылды

Жұмыссыздар, университет пен мектеп түлектерін казармада оқыту ұсынылды. Жоба іске асса, отан алдындағы борышын өтеуге шақырылған жігіттер казармада жаңа мамандық игеріп, соңында әскери билетін де бірге алып шықпақ. Бұдан бөлек, елде құрылыс отрядттарының жұмысы қайта жанданбақшы. Осылайша, Әлеуметтік даму министрлігі бос жүргендерді жаппай жұмыспен қамтымақ.

Резюмесі мен дипломын арқалап жүрген 18 жастағы Аят Қайратов жұмыспен қамту орталығына келіп бүгін іздегенін тапты. Қаржыгердің оқуын бітірген жігіт енді банкте жарты жыл бойы тәжірбиеден өтпек. Қызметке орналаса алмаса, әскерге аттанып, жаңа мамандықты игеруге әзір.

Аят Кайратов, Астана қаласының тұрғыны:

-Жұмыс табу қиын. Қазір көп жерде жастарды «тәжірибең жоқ» деп жолатқысы келмейді. Жұмыспен қамту орталығына келіп, 6 ай тәжірбиелік жұмыс істеп, өзімді көрсетуге тырысып жатырмын.

Аят сияқты елімізде 500 мың жас екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүр. Бірі әркімге жалданып ақша тапса, екіншілері кісі тонап, қылмыскерлердің қатарын толықтыруда. Сондықтан Әлеуметтік даму министрлігі университет пен мектеп түлектерін, әскерге жіберіп жұмыссыздардың қатарын азайтпақ ойда. Министр Тамара Дүйсенованың ойынша, жігіттер отан алдындағы міндетін өтей жүріп 1 жыл ішінде құрылысшы, электрик, механик секілді мамандықтарды үйреніп шығады. Бірақ, пісіп-жетілмеген бастамаға бюджеттің қыруар қаржысы қажет. Дегенмен тың жобаны Үкімет қолдаған жағдайда Қорғаныс министрлігі әскеру шақыру ережесін өзгертуі тиіс. Себебі қазір қарулы күштер сапына тек жоғары білім бар азаматтар алынып жатыр. Басқа да талаптары бар.

Батырхан Зиятов, Астана қалалық қорғаныс істері департаменті бастығының міндетін атқарушы:

-Біз әскерге шақырылғандардың денсаулығын, психологиялық күйзеліске бейімділігін тыңғылықты тексереміз. Және ішкі істер органдары арқылы қылмысқа қатысы бар жоғын анықтаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде