{metadescription}
Елімізде ұяттан жұрдай шенеуніктер жаппай жұмыстан қуылмақ
Елімізде ұяттан жұрдай шенеуніктер жаппай жұмыстан қуылмақ

Елімізде ұяттан жұрдай шенеуніктер жаппай жұмыстан қуылмақ

Елімізде мемлекеттік қызметкерлер арасында ауқымды «тазалау» басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро ел бойынша, тексеріс жүргізіп, шенеуніктердің былығын әшкерелеген. Сөйтсе, ірілі-ұсақты атқамінерлер пара алуды көбейткені өз алдына, жұмысқа келуді де қойыпты. Тіпті, шағым айтып келген жұрттың мұңын шешудің орнына дөрекі сөйлеп, әбден есірген. Жемқорлықпен күресетін ұлттық бюро халықтың қамынан көрі, қалтасын көбірек ойлайтын осындай шенеуніктерді жаппай жұмыстан қуып жатыр.

Дөрекі, мәдениетсіз, парақор! Бүгінгі шенеуніктердің портреті дәл осындай. Облыс, қала мен ауданды айтпағанда қатардағы ауыл әкімі өзін  «жарты құдайдай» сезінеді. Олардың кабинетіне кіруден президенттің қабылдауына жазылу оңай. Тіпті басқарма мен департамент басшылары түгілі, жай қызметкердің өзін жұмысынан табу қиын. Есесіне, күнін әрең көріп жүрген жұрттан пара сұрағыш.

Талғат Татубаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасының орынбасары:

-Республика бойынша жемқорлығы үшін 588 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды. Оның 11-і мекеме, 39-ы облыстық, 79-ы қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар. 16-сы әкімдер  мен олардың орынбасарлары.

Ұлттық бюро биыл небары жеті айда пара алған шенеуніктерге қатысты мың жарым қылмыстың бетін ашыпты. Қазына қаржысын ұрлау да екі есе көбейген. Бір қызығы, қармаққа шабақтар ілігіп жатқанға ұқсайды. Мәселен, Ақтөбе облысындағы Жаңақоныс ауылының бұрынғы әкімі Ерсайын Данабек 1350 теңге үшін жұмысынан қуылған. Бәріне кәнәлі балабақшаға орнатылуы тиіс унитаз! Алайда, шенеунік бюджеттен бөлінген 29 мың теңгеге бір емес, 2 унитаз, 4 раковина сатып алғанын, тек су құбыры тартылмағандықтан, бос жатқанын айтқан. Мың теңге жедің деп қызметтен аластатылған әкім қазір жұмыс іздеп сабылып жүр.

Ерсайын Данабек, Жаңақоныс ауылының бұрынғы әкімі:

-Ауыл әкімдерін сайлау, тағайындау, жұмыстан босату туралы қағиданың талаптарында ауыл әкімін аудан, облыс әкімінң келісімімен босатады делінген. «Келісім алынбады» деп есептеймін. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқара тұра және қағиданың талаптарын ескермей мені жұмыстан заңсыз шығарды деп есептеймін.

Ал, Астанада бүгін әбден жемқорлық жайлаған ведомствалардың да аты аталды. Пара алудан бірінші орында әкімдіктер тұр. Кейін ішкі істер қызметкерлері. Сақшылардан соң денсаулық сақтау және салықшылар жұрттан ең көп ауызбастырық дәметеді екен. 

Талғат Донақов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі:

-Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысында оның жұмыс тәртіптерін, заңдарын, стандарттарын  тағы басқа жағдайларды өзгертуіміз керек. Жемқорлыққа ұрыну деңгейін азайту керек, жүйелі түрде. Әйтпесе осылай бола береді.

Бұл аздай ащы суға сылқия тойып алып, қымбат көлігімен жол апатын жасайтын шенеуніктер де көбейген. Сондықтан ақ жағалыларға қоғамдық орында тіпті тойда арақ ішуге түбегейлі тыйым салыныпты. Бірақ мұнымен ішу түбегейлі тоқтайды деу қиын. Өйткені, ұжымдық отырыстарда тығылып арақ ішкен мемлекеттік қызметкерлерді көргендер көп. Арақтан бөлек, енді аузы-аузына жұқпай өсек тарататын атқамінерлер де жауапқа тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде