Ақтөбеде теракт туралы полицияға хабар бермеген әсіре діншілдер қамауға алынды
Ақтөбеде лаңкестік оқиға боларын біле тұра хабар бермеген 3 тұрғын қамауға алынды. Бірақ 41 жастағы Рустам Гацаев сотта өзін ақтап әлек болды. 42 жастағы Әкімжан Құсымов пен Сағынтаев та қылмысқа бармағанын айтуда.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.07.2016
Негізі бұл үшеуі содырлармен бірге жалдамалы пәтерде Сириядағы имамдарының насихатын таспадан тыңдаған. Тек соңғы сәтте шабуылға шығу туралы үгітке ермей қалыпты. Сол бойы үйлеріне қайтып, теракты туралы ешкімге тіс жармаған. Егер дер уақытында олардан хабар түскенде қақтығыстың алдын алар еді дейді тергеушілер. Ал 27 содыр осыдан бір жарым ай бұрын қару жарақ сататын дүкен мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Лаңкестердің он сегізінің көзі жойылып, тоғызы тергеліп жатыр. Онымен қоса шабуылға шығудан бас тартқан тағы 5 ақтөбелік осыдан екі апта бұрын қамалған еді.
Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:
-Гацаевқа, Қусимовқа, Сағынтаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініштер қанағаттандырылып, екі ай мерзімге күзетпен үстау туралы түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!