{metadescription}
Алматыдағы атыста жараланған сақшылардың бірі есін жиды
Алматыдағы атыста жараланған сақшылардың бірі есін жиды

Алматыдағы атыста жараланған сақшылардың бірі есін жиды

Ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген жол-патрульдік полиция қызметкері қазір өзі тамақтанып, туысқандарымен тілдесе бастады. Өкінішке орай, әлі бір сақшының өмірі қыл үстінде тұр. Клиникалық өлім жағдайында түскен 23 жастағы Келдібаевты дәрігерлер әзер аман алып қалған.

Самат Жәрменов, хирург:

-Өкпе қуысында көптеген қан және зақымдалған қабырғалар сынығы, қан кетулер және өкпенің үш жерден жарақаттанғаны байқалды. Көп қан кетуге байланысты бірден көп мөлшерде қан құйылды, плазма құйылды Операция  ауыр өтті.

Атыс басталған Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің сақшысына бірден екі ота жасалыпты. Күлікбаевтың ізіне түсіп оқ тиген Келдібаевті құтқарып қалу үшін дәрігерлер 7 литр қан құйған. Сол жақ өкпесін үш жерден тігіп, әзер дегенде бетін бері қаратыпты. Бұл ең ауыр жарақат алған полицей. 23 жастағы жігіттің қабырғасы бірнеше жерден сынып, көкбауыры жарылған. Осы орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген тағы бір жол-патрульдік полиция қызметкері бүгін есін жиды. Жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылып, өзі тамақтанатындай жағдайға жетті. Ал қалалық жедел жәрдем ауруханасында әлі 4 жаралы бар. Жантүршігерлік атыста аман қалған жалпы 6 адам. Оның 5-уі полиция қызметкері болса, біреуі қарапайым тұрғын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде