{metadescription}
 Алматылық атқыш Руслан Күлікбаев  көздегенін жайратып салатын кәнігі мерген болып шықты
 Алматылық атқыш Руслан Күлікбаев  көздегенін жайратып салатын кәнігі мерген болып шықты

Алматылық атқыш Руслан Күлікбаев көздегенін жайратып салатын кәнігі мерген болып шықты

Алматыда алты адамды атып өлтірген Руслан Күлікбаевтың басқа да қылмыстары ашылып жатыр. Лаңкес кісі тонап, қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан дейді полицейлер. Бұған дейін екі рет істі болған Күлікбаев нәпақасын осылайша қылмыстық жолмен тауыпты. Қару ұстауды да сол кезде үйренсе керек. Лаңкестің тапанша мен ұңғылы қаруды қатар қолдана алатын шеберлігіне кәсіби мамандар да таң қалып отыр.

Руслан Күлікбаевты төрт күннен бері тергеуге алған тәртіп сақшылары оның тағы да бірнеше қылмысын әшкереледі. Лаңкестің төрт қарақшылық шабуылға және екі ұрлыққа қатысы бар екен. Яғни сұрақ-жауап кезінде қаскөй базар маңын торып жүріп, азық-түлік арқалаған әйелдерге шабуыл жасағанын мойындапты. Тіпті тағы бір жолы жемтігін соққыға жығып, 500 мың теңгесін тартып алған. Осылайша еш жерде жұмыс істемейтін жігіт нәпақасын қылмыстық жолмен тауып келген дейді полицейлер.

Ғазиз Нұрқаев, Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары:

-Күлікбаев әсіресе әйел адамдар мен қарсылық көрсете алмайтын қорғансыз жандарға шабуыл жасаған. Сондай-ақ оны 15 жасында отбасымен бірге әкесі тастап кеткен екен. Осы жағдай оның бұрыс жолға түсуіне әсер еткен. Тергеу кезінде 2  әйел алғаны анықталды.

Тергеушілер лаңкестің өзге қылмыстарын әшкерелеп жатқанда, кәсіби мамандар оның әр әрекетін зерттеуге кіріскен. Еліміздегі атқыштар қауымдастығының төрағасы, Руслан Күлікбаевтың кез-келген қаруды қолдана алатынына назар аударыпты. Өйткені күдікті, атқан оғының бәрін де нысанаға дәл бағыттай білген. Бар-жоғы 24 минуттың ішінде  30 оқпен 6 адамды жер жастандырып, жетеуін жаралауы сөзіме дәлел - дейді Александр Тен.  

Александр Тен, Қазақстан мылтық атушылар қауымдастығының төрағасы:

 -Таспаларды қарап отырып күдіктінің ұзын ұңғылы қаруды жақсы ұстай алатынын байқадым. Бірақ кәсіби деңгейдегі жауынгер дей алмаймын. Әскер қатарында немесе өз бетінше атып үйренгені айдан анық. Мүмкін аңшы болған шығар. Себебі оның мергендігіне қарап қаруды қолына алғаш рет ұстап тұр деп айта алмайсың.

Ал психолгтар Русланның жүйке жүйесі де өте төзімді екенін айтады. Себебі көп жағдайда кісі өлтірген адам қолы қалтырап, сасқалақтап қалады екен. Ал лаңкес керісінше көзіне түскен тәртіп сақшыларына оқ жаудырып, мейлінше көп адамды өлтіруге тырысқан.

Оксана Гулак, психолог:

-Күдіктінің бұл қылмысқа жоспарлы түрде барғаны анық. Қанды көрген сайын өршеленіп, алдына шыққанның бәріне қару кезенді. Тіпті қорыққан жоқ, керісінше суыққанды болған.

Қаскөйдің қаруды қайдан алғаны, атыс өнерін кімнен үйренгенін тәртіп сақшылары анықтайтын болады. Тіпті тергеу барысында басбұзардың басқа да былықтары ашылуы мүмкін. Өйткені қазірдің өзінде Руслан Күлікбаевқа алты бап бойынша айып тағылып, бұрынғы өткен өмірі бастан аяқ тексеріліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде