Оралда газ таппай сабылған жүргізушілер шу шығарды
Оралда газ тапшылығы шешімін табар емес. Жүргізушілерді үш аптадан бері тарықтырып қойған жол жөндеу жұмыстары әлі аяқталмай жатыр.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
22.07.2016
Қазір Оралдағы газ құю бекеттерінде кезек жоқ. Өйткені сұйылтылған отын мүлдем сатылмайды. Оны тек қолында талоны барларға немесе келісім-шарт бойынша мекеме көліктеріне ғана құйып беруде. Ал Батыс Қазақстан облысының Энергетика басқарамасы алдағы 1-2 күнде дефицит жойылады деп сендірді. Орал –Дарьинск тас жолындағы жөндеуді айтпағанда, газбен жүретін көліктердің артуы да жағдайды ушықтырды дейді шенеуніктер. Бірақ газ шығаратын бірнеше кен орны бар өңірде сұйылтылған отын тапшылығы 3 апта ғана емес соңғы бір жыл бойы сезілуде дейді жүргізушілер. Оның үстіне көршілес Ақтау мен Атырауға қарағанда бағасы да қымбат екен.
Құрманғазы Жаксыбаев, көлік жүргізушісі:
-Қашанғы осылай бола береді? Бір шегі болуы керек қой. Бір жылдың үстіне шықты ғой. Бір айда 10 -20 күн газ болады да, қайтадан жоқ боп қалады. Онда газ шығармасын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!