{metadescription}
0:000:00
 Астананың базарларын аралаған Исекешевті қала тұрғыны сұрақтың астына алды

Астананың базарларын аралаған Исекешевті қала тұрғыны сұрақтың астына алды

Астана тұрғындары азық-түлік бағасының күнде құбылатынын айтып, Әсет Исекешовке дүрсе қоя берді. Бүгін бас қаланың әкімі базарларды аралауға шыққан. Қасына Ұлттық Экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ерткен әкімнің алдынан шыққан әйелдер екеуін де сұрақтың астына алды. 

-Ұндарды қараңыз. Наныңыз да қымбат. Жемісте қымбат. Қант 330 теңге  болып кетіп жатыр. Сыртта 31-5 тен. Ала алмай кетіп жатырмыз.

-Көкөніс, жеміс ше?

-Көкөністер , алмалар  350-ден. Помидорлар 450-ден. Күнде қосылады  5 теңгеге. Неге  бір бағада  тұрмайды?

Жұрттың шырылдауына негіз бар. Өйткені күнделікті тұрақты тұтынатын ұн, қант, жұмыртқа, тауық еті, күріш, май, қызылша мен дәрі-дәрмектің бағасы айтарлықтай өскен. Шикізаттың қымбаттауын алға тартып бағаны өсіріп отырған өндіріс орындары екен. Қымбатшылықты бүгін көзбен көрген қала әкімі қарамағындағыларды шұғыл жинап, әлеуметтік тауарларды, нан, жарма және қанттың бағасын тұрақты ұстап тұруды тапсырыпты. Ол үшін енді күн сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтетін болды. Шенеуніктер аймақтардағы өндірушілермен, шаруалармен Астанаға тікелей тауар жеткізу туралы келісім жасауға кіріспек.

Андрей Лукин, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

-Қаладағы барлық сауда нүктелерін бақылап отыруға тырысамыз. Бірінші кезекте ірі дүкендер жіті назарда болады. Бірақ, тұрғындардан да көмек сұраймыз. Егер шағын дүкендерде бағаның заңсыз көтерілгенін байқасаңыздар, әкімдікке хабарласыңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде