Алматыда лаңкесті тірідей ұстап берген марқұм полицейдің отбасына пәтер берілді
Терактіден қаза тапқан полиция қызметкері Аян Ғалиевтің отбасы баспаналы болды. Алматы әкімі бүгін марқұмның отбасына 2 бөлмелі пәтер кілтін табыс етті.
Автор: Ербол Тұрымбет
22.07.2016
Пәтер жаңадан тұрғызылған «Саялы» ықшамауданында орналасқан. Оған Ғалиевтер отбасы алдағы тамыз айының аяғына дейін көшіп келмек. Оған дейін үй маңайында көріктендіру жұмыстары аяқталып, пәтер іші толық жасалып бітуі тиіс. Айта кетейік, шілденің 18-і күні болған лаңкестік шабуылдан 4 полиция қызметкері, бір шекарашы және отставкадағы полиция қызметкері оққа ұшқан еді. Солардың бірі Аян Ғалиев бүлікшіні жаралап, қолға түсуіне септігін тигізген. Марқұмның артында 10 жасар қызы мен 7 айлық ұлы қалды.
Анар Асанова, А. Ғалиевтің жұбайы:
- Еліміз аман болсын, тыныш болсын. Бірақ , мұның бәрі балаларымның әкесінің орнын толтырмайды. Бірақ, барлығыңызға рахметімді айтамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!