{metadescription}
0:000:00
Президент жер мәселесін қыркүйекке жеткізбей тезірек шешуді тапсырды

Президент жер мәселесін қыркүйекке жеткізбей тезірек шешуді тапсырды

Жер туралы дау тамыздың соңына дейін біржақты шешілуі тиіс. Бүгін Ақордаға премьер-министрді шақыртқан  президент жер кодексіне қатысты қалайда бір мәмілеге келу керектігін айтты.

Сондықтан Елбасы жер реформасы жөніндегі комиссияның қортындысын жеделдетуді тапсырды. Премьер-министр жақын арада президентке жер кодексінің жаңа нұсқасын әкелуге уәде етті. Даулы құжатқа тыйым салынып  Назарбаев жыл соңына дейін мораторий жариялағаны белгілі. Соған сәйкес, жер жалға да берілмейді,сатылмайды да. Жерге қатысты нақты шешім тамыздың соңында Ақордада мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген жиында жария етілмек. Назарбаев Мәсімовке жерден бөлек, экономиканы құлдыратпай ұстап отыруға пәрмен берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Екінші алдымызда келе жатқан орақ астық жинау мәселесіне көңіл бөлу керек. Қысқа дайындық өз алдына. Алдымызда тұрған ЭКСПО-ға дайындалу.  Содан кейін ауыл шаруашылығы жөнінде. Жер туралы комиссияны қортындысын тыңдап, бір мәмілеге  келіп мәселені шешу керек.

Кәрім Мәсімов, ҚР премьер-министрі:

-Министр, әкімдермен жұмыс жүріп жатыр. Сіздің тапсырмаңыз бойынша, облыстарды аралап жатырмын. Барлық мәселе бойынша Үкімет отырысында есеп береміз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде