{metadescription}
0:000:00
Бас прокурор қарамағындағыларға жаппай кітап оқытып, үздіктерімен қымбат мейрамханада түстенбек

Бас прокурор қарамағындағыларға жаппай кітап оқытып, үздіктерімен қымбат мейрамханада түстенбек

Құрылыс компаниялары мыңдаған үлескерді алдап ақша жинап жүргенін прокурорлар алдын ала білген. Бірақ үнсіз қарап отырыпты. Салдарынан қазір 9 мың отбасы жиған бар ақшасын алаяқтарға ұстатып, өздері үйсіз жүр. Бұны бүгін Бас прокурордың өзі мойындады. Бұдан бұлай прокуратураға жұмысқа тұрудың да ережесі түбегейлі өзгермек. Өйткені, құзырлы орган кім көрінгеннің, тіпті алаяқтардың ордасына айналған дейді Жақып Асанов. 

Қарамағындағыларды тегіс жинаған Жақып Асанов бүгін прокурорларды бірде қуантып, бірде ұяттан жерге қаратты. Баяндамасын «40 мың адамның жалақысын алуға көмектестік, заңсыз қамауда отырған 2 жарым мың азаматты шығарып, миллиардтарды қазынаға қайтарып бердік» деп бастаған Бас прокурор өзі басқарып отырған саланың кемшіліктерін де жасырмады. Жіберген үлкен қатенің бірі - құрылыс компиялары жұртты алдап жүргенін көре тұра прокурорлар еш шара қолданбапты.   

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:

-Құрылыс компанияларының заңды бұзып, кепілдіксіз үлескерлерден ақша жинап жатқанын көрдік, білдік. Бірақ қол қусыра қарап отырдық. Салдарынан 60 нысан салынбай қалды. «Азбука жилья», «Аль-Баракат», «Тамыз» сынды алаяқ мекемелер ел аузында жүр. 9 мың отбасы үйсіз қалды.

Сондықтан Жақыпов прокурорларға үлескерлер ісіне қатысты тергеудің тез аяқталуын және айыптылардың қатаң жазалануына тікелей қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, Бас прокурор жұмысқа қабылдау тәртібін де реформаламақ. Өйткені, қазір жұрт пагон таққандарға мүлдем сенбейтін жағдайға жеткен. Оның себебін де өзі түсіндіріп берді. Сөйтсе, көкесі барлар прокуратураға жұмысқа орналасады да, алаяқтықпен айналысады екен.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:

-Қазір прокуратурада кім көрінген жүр. Мықты маман жоқтың қасы.  Мәселен, жақында Саметов деген бұрынғы прокурор ескі формасын киіп алып, кәсіпкердің 3 жарым миллион теңгесін алдап алып кеткен. Міне осындай алаяқ 7  жыл прокуратурада жұмыс істеген.

Бұл аздай прокурорлар жұрттың арызына атүсті қарайды, одан қалса түсінікті тілде жауап беруге шамасы жетпейді.   

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:

-Кітап оқыңдар. Көзқарастарың өзгереді. Сонда шағымдарға адам түсінетін тілмен жауап беруді де үйренесіңдер.

Енді прокурорлар жұмысқа мүлдем басқа талаппен қабылданбақ. Үміткер өмірлік тәжірибесі мен белгілі бір тақырыпта екі эссе жазуы қажет. Одан кейін ақыл-есінің дұрыстығын, интелектуалдық деңгейін де тест арқылы дәлелдеуі тиіс. Ал, прокурорлардың жұмысына тура метептегідей «екі», «бес» деген баға қойлады.

Бұдан бөлек прокурорларды ақшалай сыйақы, марапаттау арқылы адал жұмыс істеуге ынталандырмақ. Сондай-ақ, үздік прокурорға Елордадағы ең қымбат мейрамханада Жақып Асановпен түскі ас ішу бақыты бұйырады. Егер ерекше көзге түскен қызметкер аймақтан келген болса, дастархан басында оны Астана немесе Алматыға ауыстыру мәселесі де шешілуі әбден мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде