{metadescription}
Назарбаев Байбекке алматылықтардың тұрмысын жақсартуды тапсырды
Назарбаев Байбекке алматылықтардың тұрмысын жақсартуды тапсырды

Назарбаев Байбекке алматылықтардың тұрмысын жақсартуды тапсырды

Назарбаев Ақорданы уақытша Алматыдағы резиденциясына ауыстырып, бүгін кабинетіне қала әкімін шақыртты. Елбасы Бауыржан Байбекке алматылықтардың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсартуға пәрмен берді.

Тұрғындардың кірісін көбейтуге қатысты Байбектің есебі де дайын екен. Әкім биыл Алматыда 15 мың жұмыс орнының ашылатынын айтып сендірді.Бұл ауқымды мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылатындықтан бюджеттен қаржы бөлініп те қойған. Сондықтан алдағы айларда мыңдаған  жұмыссыз алматылық екі қолға бір күрек табады деген үміт бар. Бұдан бөлек президент еліміздің ең ірі мегаполисінде тұрғынүй, балабақша, аурухана мен мектеп құрылысын бәсеңдетпеуді тапсырды. Келер жылы оңтүстік астанада қысқы Универисада өтетіндіктен, қауіпсіздік шараларын күшейтуді де жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Қаланың 1000 жылдығы бар, алдымызда Универсиада бар, үлкен мемлекеттік шара, соның барлығына дайындалу керек. Щаруа көп.  Қазірден бастап қаланы қысқы мерзімге дайындау мәселесін жүргізіп отыру керек. Өткенде кездескенде айтып кеткен біраз тапсырмаларым бар, оны қадағалап орындатып отыру керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде