{metadescription}
0:000:00
Мюнхендегі қанды қырғын жайлы қазақ студенті айтып берді

Мюнхендегі қанды қырғын жайлы қазақ студенті айтып берді

Германияның ең ірі қаласы Мюнхендегі қанды қырғынды қазақстандық студенттер өз көзімен көрген. Жалпы, неміс қаласында білім алып, жұмыс істеп және қыдырып жүрген 3 мың жерлесіміз бар екен. Сыртқы Істер министрлігі бүгін отандастарымыздың ешқайсысының зардап шекпегенін мәлімдеді. Консулдар олардың барлығына хабарласып, дін-аман екеніне көз жеткізіпті.

Германияның Бавария аймағында соңғы екі күнде екі бірдей лаңкестік шабуыл жасалып отыр. Кеше Ансбах қаласында сириялық босқын концерт өтіп жатқан алаңда өзін-өзі жарып жіберген болатын. Тағы 12 адам жараланды. Ал одан бір күн бұрынғы қанды оқиғадан Мюнхен қаласы енді ес жиып келеді. Көшелерде күзет күшейтілген. Оның үстіне тәртіп сақшылары атқыштың 16 жастағы досын қолға түсірді. Ол Давид Сонболидің жоспарын алдын-ала білгенімен, ішкі істер органдарына хабар бермепті. Айта кетсек, сенбіде тегі ирандық 18 жастағы неміс азаматы сауда орталығының маңында бейбіт 10 адамды тапаншадан атып тастаған. Жарақат алған 30-ға жуық  тұрғын ауруханаларда жатыр. Кейін әл бермеген жалғыз атқыш өз-өзіне қол жұмсап, денесі қала сыртынан табылған болатын. Мюнхен полициясының айтуынша, Давид Сонболи Новегияда 77 адамды қырып салған террорист  Андерс Брейвикке қатты еліктеген. Ал тура сол күні Брейвиктің атыс шығарғанына 5 жыл толған екен. Қанды оқиғаны Мюнхендегі қазақ студенттері де көріпті.

Әділхан Әбжанов, Людвиг-Максимилиан атындағы Мюнхен университетінің студенті:

-Қорқып қалдық. Атыс-шабыстың даусын пәтерде отырып естідік. Қазір қала сәл де болса тынышталды. Жергілікті полиция, телеарналар жылдам хабар таратып жатыр. Үрей әлі де басылған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде