Ақтаулық құтқарушылар теңізге батып бара жатқан жасөспірімді ажалдан арашалап қалды
Өлім мен өмірдің арасындағы арпалысты жағада жүрген тұрғындардың бірі телефонға түсіріп алыпты. Оқиға қаладағы 4-ші ықшамауданда болған. Суға түспекші болып, жағадағы қойтастардың үстіне шыққан жасөспірімді теңіздің қатты толқыны соғып құлатқан. Қайта, құтқарушылар да сол жерден табыла кеткен. Мына бейнекадрлардан есінен танған бозбаланы судан шығураға қарапайым тұрғындардың да көмекке келгенін көруге болады. Қорқып қалғаны болмаса, жеткіншек жарақат алмаған. Айта кету керек, биылғы шомылу маусымында 3 адам Каспий теңізіне кетіпті.
Автор: Жанар Низамутдинова
25.07.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!