{metadescription}
Алматылық лаңкестің әйелі тергеушілерден қысым көргенін айтты
Алматылық лаңкестің әйелі тергеушілерден қысым көргенін айтты

Алматылық лаңкестің әйелі тергеушілерден қысым көргенін айтты

Алматыда 6 адамды атып өлтірген лаңкестің полицейлерге өштескенін әйелі де растады. Арам ойын тіпті түрмеде жатып жоспарлағанын тергеушілерге өзі айтып беріпті. Бірақ Аяулым Үмбетқұлова күйеуінің нақты жоспарын білмедім дейді. Оның үстіне соңғы кезде үйде де жанжал жиілеп, тіпті әйелін қоқан-лоққы жасап ұстап отырған екен. Ал ажырасып кетуге келіншектің жүрегі дауаламаған.

Аяулым Үмбетқұлова, Руслан Күлікбаевтың әйелі:

-Ая  басқа біреуге тиіп бақытты болып кетемін деп ойлама деді. Сені сол байыңмен қосып өлтіріп кетемін деді. Атып кетемін деген жоқ өлтіріп кетемін деді. Басқа қалаға қашып кетсем не істейсің дедім. Қашып кете бер, үйіңдегі жақын біреуді өлтіремін, әкеңді шешеңді деді. Сол кезде сол өлікке келесің ғой  сол кезде тауып аламын деді. Сол кезде сені де өлтіремін деді.     

Аяулымның айтуынша, күйеуі кісі өлтіруден тайсалмайтын мінезді түрмеден тауып келген. Полицейлерге шабуыл жасауды да сол темір тордың арғы бетінде жатып-ақ ойластырыпты. Сөйтіп, ұзақ уақыт жоғалып кететінді де шығарған. Сондықтан Аяулым лаңкестің қамалғанына қатты қынжылып отырған жоқ. Керісінше күйеуінің кесірінен басы бәлеге қалып, тергеушілерден теперіш көріп жатқанын жайып салды. Қатты қорқып қалған ол өзіне құқықтық кеңес беретін заңгерлерден көмек сұрап отыр.

Аяулым Үмбетқұлова, Руслан Күлікбаевтың әйелі:

-Шегіп отырған темекісінің қорабын лақтырды. Сөйтіп қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Менің не кінәм бар?  Неге олар мені қинай береді? 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде