Қызылжарлықтар ерекше табиғи құбылысқа куә болды
Қызылжарлықтар бір аптадан бері «мұнар» деп аталатын табиғи құбылысқа куә болуда. Мұны өңірде толассыз жауған жауынның салдары дейді мамандар.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
26.07.2016
Мұнар дегеніміз —атмосфераның төменгі қабатындағы ауаның бұлдырланып, көмескі тартуы. Құрғақ тұман ұзақ уақыт бойы тұрған ылғалды ауа-райынан пайда болады екен. Солтүстік Қазақстан облысында шілде айында жауын шашын әдеттегіден екі есе көп түсіпті. Ал температура айтарлықтай жылы болған. Нәтижесінде теріскей өңірі үшін сирек кездесетін құбылыс орын алды. Оның адам ағзасына еш әсері жоқ ,- дейді мамандар.
Зарина Кенжебаева, инженер- метеоролог:
-Бұл құбылыстың адамның денсаулығына ешқандай зияндылығы жоқ. Бұл тұманның бір түрі. Түтінмен оны шатастыруға болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!