{metadescription}
Қарағандыда босанғаннан кейін көз жұмған келіншекті дәрігерлердің аман алып қалу мүмкіндігі болған
Қарағандыда босанғаннан кейін көз жұмған келіншекті дәрігерлердің аман алып қалу мүмкіндігі болған

Қарағандыда босанғаннан кейін көз жұмған келіншекті дәрігерлердің аман алып қалу мүмкіндігі болған

Қарағандыда перзентханада 33 жастағы келіншек көз жұмды. Айы күні жақындағанда ұлын дүниеге әкелгенімен, өзі жарты тәулікке жетпей жан тапсырған. Дәрігерлер іштен кеткен қанды тоқтату үшін қолдан келгенннің бәрін жасадық депті. Алайда іле шала жүрген тексеріс олардың былығын әшкерелеген. Медицина сапасын бақылау комитеті Гүлзат Нәдірбековаға жүктілік кезінде қаралған емханадан бастап, перзентхана дәрігерлеріне дейін жіберген қателіктерді жіпке тізіп берді.

Бекарыс пен Жанасыл анасының суретіне көздері түссе жастарына тұншығады. Ал уызына жарымаған 2 айлық Жанқожаны апасы Манар мәпелеп отыр. Есі кірген екеуі есік ашылса анасы кіріп келердей әлі күнге елеңдейді.

Манар Әметова, марқұмның қайынапасы:

-Өте бізге қиын. Екі ай өтсе де біздің көз алдымызда. Жайнап күліп есіктен кіріп келердей сезінеміз әлі. Бізге оның өрны бөлек. Туғанымнан артық. Өзінің күліп жадырап жүргеніне қарап оның бір жері ауырады деп ешкім ойламайды

Дәрігерлер де қандай да бір қатердің барын айтпаған. Бірақ тоғыз ай бойы олар да бірнеше рет ауысыпты.

Мұхит Әметов, марқұмның күйеуі:

-Босанарға дейін 4 дәрігері  ауысады. Оның біреуі былай дейді, біреуі былай дейді. Біреуі Пришахтинсктегі перзентханаға барасың дейді, біреуі Михайловкаға барасың дейді. Мен шындықты ғана білгім келеді бұл өмірде. Қазір алдыма қойған жалғыз мақсатым сол.

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде емханада босанарға дейінгі ем дом дұрыс жасалмаған боп шықты. Ағзадағы қанның ұюы нашар екені сонда анықталмаған, перзентхана дәрігерлері де қосымша тексеріс жүргізуді керек санамапты. Тіпті, кешкілік уақытта кесер тілігін жасағаннан таң атқанша оның халін білген жан болмаған. Салдарынан, іш құрлыстан 5 жарым литрге жуық қан кетіп, шұғыл ота жасалғанмен бәрі кеш болды. Қортындыға сәйкес, бақылау мен көмек дер кезінде болғанда 3 баланың анасын аман алып қалуға мүмкін екен.

-Мына қортынды денсаулық сақтау басқармасына жолданып, шара қолдану талап етілген. Ал басқарма болса  жағдайдың ауырлығына қарамастан емхана мен перзентхананың басшыларына сөгіс қана жасаған. Дегенмен мына қортындыдан прокуратура мен ІІД- де хабардар. Сондықтан жауаптыларға қандай жаза қолдануды солар шешетін болады

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде