{metadescription}
0:000:00
Елімізде Сириядағы соғысқа шақыратын сайттар дереу жабылып жатыр

Елімізде Сириядағы соғысқа шақыратын сайттар дереу жабылып жатыр

Елімізде дінінен адасқан жастар интернеттегі күмәнді жазбаларды оқып, осындай лаңкестердің қатарын толықтырып жатыр. Бұның жолын кесу үшін Бас прокуратура экстремизді насихаттайтын 100-ге тарта сайтты жауып тастады.

Бұл сайттардағы жазбалар, аудио мен видеоматериалдар радикалды бағытта. Уағыздары дін жолында жиһад жасауға шақырады. Мәселен, ақтөбелік лаңкестердің Сириялық имамның аудиоүндеуінен кейін қанды қырғын салғанын айта кетейік. Бас прокуратура жат ағымды насихаттайтын мұндай сайттарды жапқанымен, мәселе түбегейлі шешілді деу қиын. Өйткені, олардың серверлері шетелде орналасқан. Сондықтан түрлі провайдерлер арқылы сайт жұмысы қайта жанданып, талай адамды тура жолынан тайдырып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде