{metadescription}
Астана соты атышулы Мақсат Үсеновтың әкесінің жазасын жеңілдетуден бас тартты
Астана соты атышулы Мақсат Үсеновтың әкесінің жазасын жеңілдетуден бас тартты

Астана соты атышулы Мақсат Үсеновтың әкесінің жазасын жеңілдетуден бас тартты

Жантүршігерлік  жол апатын жасаумен аты шыққан Мақсат Үсеновтың әкесі 2 жыл жазасын толық өтемейінше, түрмеден босатылмайды. «Астана-Экспо» ұлттық компаниясында құрылысқа жауапты болған Қажымұрат Үсеновтың үкімін апелляциялық сот сол күйінде қалдырды. 

Үсеновпен бірге тағы 8 сотталушының шағымын қараған апелляциялық сот  барлығының үкімін өзгеріссіз қалдырып, абақтыдан босатудан бас тартты. Сөйтіп,5 жылға дейін арқалаған кәсіпкерлер жазасын толығымен өтемек. Тергеу дәлелдегендей, бизнесмендер «ЭКСПО» басшылығымен ауыз жаласып, бюджеттің миллиардттарын жымқырған. Оның 6 миллиард теңгесін қалтаға басқан « Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының экс- төрағасы маусым айында 14 жылға сотталған еді. Кінәсін сол күйі мойындамаған Талғат Ермегияев та қарап қалмай, апелляциялық арыз түсірген. Оның өтініші әлі қаралып жатыр. Жалпы атышулы процесс кезінде кәсіпкерлердің көбі айыптарын мойындап жеңіл жазамен құтылса,  «ЭКСПО»-ның бұрынғы топ-менеджерлері 10 жылға дейін түрмеге тоғытылған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде